Өлім сәті

Ең әуелі Әлемдердің жаратушысы Аллаға сансыз мақтаулар мен мадақтар болсын. Асыл Пайғамбарымызға сансыз салауаттар мен сәлемдер болғай!

 

Жаратушы Алла адамзатты мәңгілік етпеді. Адамға өлшеулі өмір берді. Өлшеулі ғұмыр біткен соң, бұл пәниден о бақиға кету - хақ.

 

Өмірге келудегі мақсатымыз бір &ndash Аллаға құлшылық ету.

 

Қамшының сабындай қысқа ғұмырымыз біз үшін сынақ. Бұл жалғанда мейлінше жақсылық жасап, сауапты амал ете білу керек.

 

Тағдырымызға жазылған сағат сәті келгенде ешкім араша түсе алмайды, ғұмырын ұзартып ажалды кешіктіре алмайды, шыбын жанымыз кеудемізден шығады, оған күмән жоқ.

 

Мәңгілік тек Аллаға тән.

 

Құранда «Ағраф» сүресінің 34-аятында былай дейді:  «Әрбір үмбеттің белгілі мерзімі бар. Олардың мерзімдері келгенде оны бір сағат кешіктіре де, ілгерілете де алмайды». Тіпті «Рахман» сүресінің аяттарында Алла тағала былай деген: «Оның (жердің) үстіндегінің бәрі &ndash фәни. Тек ұлылық пен жомарттықтың Иесі &ndash Раббың ғана қалады».

 

Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: «Ләззаттарды күйретуші әрі дәмдерді жоғалтушы өлімді жиі еске алыңдар!».

 

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өлім атты оқиғаны жиі еске алуды бұйырған. Себебі өлімді жиі еске алатын адамның бұл дүниеге деген құштарлығы толықтай жоғалады не болмаса азаяды.

 

Ал өзге хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: «Егер жануарлар адам секілді өлім жайлы білгенде еді, адамдар олардың еттерін жей алмай қалатын еді».

 

Лұқман өзінің ұлына былай деп насихат айтқан екен: «Балам! Бұл &ndash бұйрық, әрі оның саған қашан, қай күні келетінін білуің шарт емес. Сен тиісті әзірлікті ескертусіз келіп, есігіңді қақпас бұрын жаса».

 

Хадисте келгендей: «Ажалмен арпалысу - қылышпен ұрғаннан да ауыр!». Ол арамен кесілгеннен де және де қайшымен қырқылғаннан да қорқынышты. Себебі денені қылыш бөлшектеген кезде рух дене мен жанның арасындағы байланыстың әсерінен ауыру сезінеді.

 

Алайда соққыға ми мен жан бірге шалдығар болса, ондай ауыртпалықты сипаттау мүмкін бе?

 

Адамдар бұл мәселеде Алладан жәрдем сұрамайды, себебі ажал мен өлім аузындағы арпалысты жете танымайды.

 

Ажал келгенше оны пайғамбарлар мен ізгі жандардың ілім нұры арқылы тануға болады.

 

Осыған орай, ажалға байланысты туындаған сұрақта олар ақиқат бұлақтары болып табылады. Сондықтан да пайғамбарлар мен әулиелер ажал алдында үлкен қорқынышты күйге түседі. Олар соңғы демдерінің қалай шығатынына үнемі алаңдап жүреді.

 

Иса пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын) осыған байланысты былай деген: «Ей, шәкірттерім! Алладан Өзінің құлының өлімін жеңілдетуін сұраңдар. Себебі менің ажалдан қорыққаным соншалық, қорқынышым бір өлімнен басқа өлімге душар етті».

 

Мұса пайғамбар өмірден озған соң, Жаратушы оған былай дейді: «Ей, Мұса! Ажалыңды қалай сездің?» Мұса пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын) былай дейді: «Бейне бір жаным темірге тірідей қақталған торғай секілді күй кештім. Ол азапты тоқтату үшін не өле алмайды, не ұшып кете де алмайды!»

 

Мұса пайғамбардың тағы былай дегендігі жетеді: «Мен жанымды терісін тірідей сылып жатқан қасапшының қолындағы қой секілді сезінемін».

 

Мұсылман пенде әрдайым мына дұғаны жасағаны абазал болмақ: «..Уа, жер мен көктің Жаратушысы! Бұл дүние мен ақыреттегі Ием Өзіңсің. Мені мұсылман қалпында ала гөр және игілер қатарына қос» (Юсуф сүресі, 101 аят).

 

 

 

ihsan.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста