Неге дінде ағайынды туысқандарды үйлендіруге рұқсат берген?

Неге дінде ағайынды туысқандарды үйлендіруге рұқсат берген?

Неге дінде ағайынды туысқандарды үйлендіруге рұқсат берген?

Қазақ халқында жеті атаға дейін қыз алыспау дәстүрі бар. Ал араб халқында ондай дәстүр бар екенін естімедім. Құранда Алла Тағала жетіатаға дейін қыз алыспау туралы ешнәрсе айтылмағанба? Немесе пайғамбар хадистерінде кездеспейме? Арабтар неге ағайынды бауырларды үйлендіре берген. Мәселен өзбек ұлтының да дәстүрінде бұл салт сақталған.

Бұл қазіргі таңда көп қандасымызды толғандырып жүрген сауалдардың бірі.

Бұған жауап ретінде, ең алдымен мына нәрсені есте сақтаған жөн. Ислам діні лаж болса жақын туыстығы жоқ – алыстан алуды кеңес етеді. Бұны сахаба сөздерінен де және мүжтәһид-ғұламалардың сөздерінен де анық байқауға болады.

Әзіреті Омардың жақындарынан қыз алуды әдетке айналдырған «Сәиб ұлдарына» былай деп айтқандығы кітаптарда келтіріледі:

«УА, СӘИБ ҰЛДАРЫ! СЕНДЕРДІҢ ӘЛСІЗ ҰРПАҚ ДҮНИЕГЕ АЛЫП КЕЛІП ЖАТҚАНДАРЫҢДЫ КӨРІП ОТЫРМЫН. НЕКЕГЕ АЛЫСТАН АЛЫҢДАР. ӘЛСІЗ БАЛАЛАР ДҮНИЕГЕ АЛЫП КЕЛМЕҢДЕР»[1].

Бұнымен қатар, Шафиғи мәзхабы мен Ханбали мәзхабы ғұламалары жақындардан гөрі, жақын туыстығы жоқ алыстан алуды мұстахаб (ұнамды) санаған. Шафиғи мәзхабындағы ғалымдардың жазған кітаптарының бірінде былай делінеді:

«ШАФИҒИ ЕР КІСІНІҢ ӨЗ РУЫНАН ҚЫЗ АЛМАУЫНЫҢ МҰСТАХАБ ЕКЕНДІГІН БЕКІТІП КЕТКЕН»[2].

Құранда неге ағайындардан қыз алысуға рұқсат берген?

Ал, енді Құранда айтылған үкімге келер болсақ, Құранда үйленуге рұқсат етілгендердің ең соңғы шегі білдіріледі. «Ағайындардың арасында тек осы жерге дейін ғана үйленуге рұқсат. Одан арғысы харам» деп тұрғандай. Өйткені, Құран Кәрім – қияметке дейін жалғасатын ең соңғы тәңірлік заң. Сондықтан да, бұл мәселеде барынша кең алып, бір ғана қауымның салт-дәстүрлерімен санасып қана қоймай, қияметке дейін келіп-кететін қауымдардың жағдаяттарын, әдет-ғұрыптарын да назарға алуды көздеген.

Мысалы, орта ғасырда Европа патшалығында «қанды сақтау» қағидаты бойынша бір әке мен бір шешеден туған екі бауырды үйлендіру әдетке айналған етін. Соның салдарынан ақыл-есінде ақаулық бар мұрагерлер таққа отырды. Енді, сондай әдет орын алған қоғамға ең дұрысы не болмақ? Ең дұрысы – туыстардың арасында үйленуге рұқсат етілудің ең соңғы шегін, яғни Құранда айтылған үкімді көлденең тартқан абзал болмақ. Құранда бірге туғандарды үйлендіру харам. Олардың некелері саналмайды. Ендігі, жерде ондай қоғамға: «ағайынмен үйлену керек болып жатса, бірге туғанды емес, тым құрығанда әкесімен не шешесімен бірге туғандардың қыздарын (яғни, немере аға-інілерінің немесе немере әпке-қарындастарының қыздарын) алыңдар” деу орынды.

Ал, ағайыннан қыз алу былай тұрсын, бір рудан қыз алыспайтын қазақ халқы сияқты алыстан қыз алуға қатты мән беретін қоғамға Құран Кәрім тек ең соңғы шегін ғана айтып, одан былайғысын ашық ұстаған. Қанша алыстан алам десеңіз де өз еркіңіз. Жеті атадан аласыз ба, жоқ, он атадан кейін аласыз ба – оның шегі жоқ. Тіпті жеті қайнаса сорпасы қосылмайтын – өзге мұсылман ұлттан алсаңыз да өз еркіңіз. Сондықтан да, «жеті атаға дейін қыз алыспау дәстүрі» Исламға теріс емес деуге негіз бар. Үкімі – мубах. Рұқсат амал.

«Жеті адаға дейін қыз алыспау» дәстүрі қайдан шыққан?

Аталмыш дәстүрдің түп тамыры қайда жатыр, қайдан шыққан деген ой мені бұрыннан мазалап жүрді. Бұған қатысты жазылған жазбалардың ішінен мен кездестіргендерде аталмыш дәстүрдің түп төркініне тоқталмайды. Бірақ, көне заманда жазылған Ислам әдебиеттерінің бірінен жеті атаға дейін қыз алыспау үрдісінің ертеректегі Христиан дінін ұстанушыларда да болғандығын оқып қалдым. Мәселен, қазақ хандығының құрылуынан бір ғасыр бұрын өмір сүрген атақты Құран тәпсіршісі Ибн Кәсир ( м. 1301-1373 ж.) әйгілі “Құран тәпсір” кітабында былай деп өтеді:

«ХРИСТИАНДАР БІР ӘЙЕЛМЕН АРАДА ЖЕТІ НЕ ОДАН КӨП АТА ӨТПЕЙ ҮЙЛЕНБЕЙДІ. ЯҺУДИЛЕРДЕ ТУҒАН АҒА-ІНІСІНІҢ ҚЫЗЫН ЖӘНЕ ТУҒАН ӘПКЕ-ҚАРЫНДАСЫНЫҢ ҚЫЗЫН ӘЙЕЛДІККЕ АЛА БЕРЕДІ. АЛАЙДА, ОЛАРДАН КЕЙІН ОСЫ КӘМІЛ ӘРІ ТАЗА ШАРИҒАТ КЕЛДІ ДЕ, ХРИСТИАНДАРДЫҢ ШАМАДАН ТЫС КЕТУІН (ИФРАТ) ЖОЙЫП, НЕМЕРЕ КӨКЕСІ МЕН НЕМЕРЕ ӘПКЕСІНІҢ (ӘКЕСІНІҢ АҒА-ІНІЛЕРІ МЕН ӘПКЕ-ҚАРЫНДАСТАРЫНЫҢ) ҚЫЗДАРЫН ЖӘНЕ НАҒАШЫ АҒАСЫ МЕН НАҒАШЫ ӘПКЕСІНІҢ ҚЫЗДАРЫН АЛУДЫ РҰҚСАТ ЕТТІ. СОНДАЙ-АҚ, БІРГЕ ТУҒАН ҰЛ МЕН БІРГЕ ТУҒАН ҚЫЗ ТУЫСТЫҢ ҚЫЗДАРЫН АЛУДЫ РҰҚСАТ ДЕЙТІН ЯҺУДИ ДІНІНДЕГІЛЕРДІҢ ШЕКТЕН ШЫҒУШЫЛЫҚТАРЫН ДА (ТӘФРЫЙТ) ИСЛАМ ХАРАМ ЕТТІ…»[3].

Мүмкін сәйкестік шығар. Немесе бұрын түркі тілдестердің арасында христиан дінін ұстанған тайпалардың болғандығын ескерсек, аталмыш дәстүрдің осы аймақтарда өмір сүрген христиандардан қалған үрдіс те болуы ғажап емес. Әрине, мұны ғылыми негізде анықтау – дәстүр танушы мамандар мен тарихшылардың ісі деп білемін.

Қорытынды:

Жеті атадан кейін қыз алысу дәстүрі – Исламға қайшы емес. Мубах, яғни, рұқсат амал.

(Бұған қосымша мәлімет алғыңыз келсе “Шариғат бойынша кімдермен некелесуге болмайды?” атты жазбамызды оқысаңыз болады).


Абдусамат Қасым
mazhab.kz 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста