Намаз оқып тұрып жыласа, намаз бұзыла ма?

Намаз оқып тұрып жыласа, намаз бұзыла ма?

Әссәләмуғалейкум! Намазда кішкене жыласа, намаз бұзылмай ма?
Уағалейкумәссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Ақыретті ойлап, немесе қабір азабын яки пейіш пен тозақты ойлап жыласа, не болмаса имамның құран оқуынан әсерленіп жылаған болса, намазы бұзылмайды. Пайғамбарымыздың да (с.ғ.с.) намазда жылайтын кездері болған[1].
Алайда, басқа түскен қиындыққа қайғырып, не бойындағы сырқатты ауырсынып, яки біреуге қатты ренжіп, немесе біреуді сағынып дыбыс шығара жылаған жағдайда, намазы бұзылады. Ал, үнсіз, құр көзінен жас шықса, оған намаз бұзылмайды.
Сондай-ақ, сырқаттың ауырлығынан өз-өзін ұстай алмай ыңырсуының не үһілеуінің намазға зияны жоқ. Имам Мұхаммед (р.а.) айтқан: «Жеңіл-желпі сырқат себепті намазда ыңырсыған адамның намазы бұзылады. Ал, сырқаты ауыр болғандықтан жаны күйзеліп, өз-өзін ұстай алмай ыңырсып, ыңыранса, намаз бұзылмайды»[2].


[1] Хадисте былай делінеді: «Мен Пайғамбарымызға келсем, ол намаз оқып жатыр екен. Ішінде қайнаған судың даусы іспетті еңкіл бар». (Нәсәидің сүнәні, №1214 хадис).
[2] Хашияту Ибн Ғабидин – 4/68 бет.

Абдусамат Қасым 

muslim.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста