Намаз оқымайтын кісі, рамазан айында ораза ұстаса, ұстаған оразасының сауабын алады. Алайда, намаз оқымай жүргені үшін де үлкен күнәға батады[22]. Өйткені, намаз мұсылмандығымыздың белгісі. Ардақты Пайғамбарымыз бұл жайында: «Шындығында, мұсылман мен кәпір және мүшриктердің ара жігін айырар белгі - намаз оқу[23]», - дейді. Сондықтан да, жора-жолдастарыңыз оразамен қатар намазға да бастағандары жөн.
muftyat.kz