МҰХАММЕД ПАЙҒАМБАР ИСЛАМДЫ ҚАЛАЙ СИПАТТАҒАН?

МҰХАММЕД ПАЙҒАМБАР ИСЛАМДЫ ҚАЛАЙ СИПАТТАҒАН?

Бұл хадисте ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) исламды мысалмен бейнелеп түсіндіруде.

Әңгімені Наууас бин Самъан (р.а.) сахаба риуаят еткен:  «Алла Тағала бір тура жолды мысал етуде. Жолдың екі шеті – биік қабырға. Ал, қабырғада көптеген ашық есік бар. Есіктерге перде жабылған. Жол үстінде болса: «Ей, адамдар! Бәрің де жолмен жүріңдер, бұрылушы болмаңдар», - деп жар салып тұрған кісі бар. Біреу есіктердің біріне кірмек болса: «Сорың құрысын, есікті ашпа! Оны ашсаң кіресің», - дейді жолда тұрған тағы бір жар салушы. Жол – Ислам. Қабырғалар – Алланың қатаң жазасы. Ашық есіктер – Алланың тыйым салған істері. Жол үстінде жар салушы – Алланың Кітабы. Ал, жолдағы насихатшы – әрбір мұсылманның жүрегіндегі үн[1]», - делінген.

Міне, Ислам – тура жол. Екі қапталындағы биік қабырға жолдан шығып кетпеу үшін соғылған. Десе де, қос қабырғада ашық есіктер тұр. Оның арғы жағында не бары адамға беймәлім. Сондықтан да қызығушылығын тудырып көргісі келеді. Алайда, пердесін түруге тыйым салынған. Үлкен жол үстінде барша халайыққа үн қатып тура жолдан шығып кетпеңдер деп Құран Кәрім жар салуда. Есік пердесін түрмек болғандарға жол ішінде тұрған екінші адам қатаң естерту жасауда. Ол – адамның ішкі ар-ожданы. Адам баласының жүрегінің түбіндегі үн. Жүректің үні жақсылыққа жетелеу үшін оны таза ұстау қажет. Жүрек – дария. Оған төрт жақтан су құйылады. Екі құлақ пен екі көз. Осы төрт қайнар таза болмаса, жүрек дариясының тұнығы ластанады. Ластанса жүрек ақты қара, қараны ақ етіп көре бастайды. Міне, сол кезде адам ұят пен ар сызығынан аттап кетеді.  Осыны меңзеп, Халид бин Мағдин (р.а.): «Адам баласының дүние тіршілігіне қажет маңдайында екі көзі бар. Сонымен бірге, ақырет амалына керек қос көкірек көзі бар. Алла Тағала пендеге жақсылығын қаласа көкірек көзін ашады. Ал, жақсылықтан басқаны қаласа ол көздерін соқыр етеді. Құран Кәрімде: «…әлде олардың жүректері құлыптаулы ма?[2]», - демеп пе еді», - дейді.

Ал, жүрек тұнығын сақтаудың жолы жайлы табиғин Яхия бин Мұғаз: «Жүректің емі бесеу: Құранды ой жүгіртіп оқу, аш құрсақ болу, түнгі құлшылық, сәресі уақытында мінәжат ету және ізгілердің мәжілісіне қатысу», - деген екен.

 

Руслан ҚАМБАР

"Қалқаман 2" мешітінің бас имамы

mazhab.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста