Мұсылман үмбетінің қандай артықшылықтары бар?

Пайғамбар (с.ғ.с.) үмбетінің артықшылығы туралы хабар беретін риуаяттар көп, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Kazislam.kz-ке сілтеме жасап.

Солардың бірін Жәбир ибн Абдулла есімді сахаба жеткізген:

«Біз Алла елшісінің (с.ғ.с) жанында отыр едік.

Ол:

«Сендерге жәннат бөлмелерінің қандай екенін айтайын ба?» – деді.

Біз:

«Әрине, уа Алланың елшісі (с.ғ.с.). Әке-шешеміз саған пида болсын!» – дестік.

Пайғамбар (с.ғ.с):

«Алла Тағала жәннат бөлмелерін түрлі асыл тастардан тұрғызған. Оның ішінен сырт көрінеді, ал сырттан оның іші көрінеді. Онда көз көрмеген, құлақ естімеген және адамның қиялына келмеген ғажап нығметтер бар», – деді.

 

Жәбир:

«Уа, Алланың елшісі (с.ғ.с)! Ол бөлмелер кімдерге арналған?» – дейді.

Пайғамбар (с.ғ.с.):

«Сәлем бергендерге, басқаларды тамақтандырып және үнемі ораза ұстап әрі адамдар шырт ұйқыда жатқанда күндіз-түні намаз оқығандарға арналады», – деп жауап береді.

 

Жәбир:

«Уа, Алланың елшісі (с.ғ.с.)! Мұның барлығын жасауға кімнің шамасы жетеді?», – дейді.

Пайғамбар (с.ғ.с):

«Ей, Жәбир! Мұны менің үмбетім жасайды. Кім өз бауырын кездестірсе, оған сәлем береді. Кім өзінің отбасы мен бала-шағасын тойдырса, басқаларды тамақтандырғаны. Кім Рамазан айы және әр айда үш күн ораза тұтса, сол үздіксіз ораза ұстағаны. Кім құптан мен таң намаздарын жамағатпен оқыса, адамдар шырт ұйқыда жатқан уақытта намаз оқыған саналады», – деді.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста