Мұқтаж адам қандай болды?
«Мүміндерге өте мейірлі, кішіпейіл бол». («Хижр» сүресі, 88-аят).
«Сабырлылық танытып, жан-тәнімен Раббыларының разылығын қалап ертелі-кеш дұға ететіндермен (қарапайым мүміндермен) бірге бол (Олардан дәулеті асқан, дәрежесі артық әлдекімдерге көңілің ауып), оларды көзге ілмей қойма». («Кәһф» сүресі, 28-аят).
«Жетімді басынба, қайыр-садақа сұрағанға зекіп, ұрыспа». («Дұха» сүресі, 9-10-аяттар)
«Дінді жалғанға шығарғанды көрдің бе? Ол – жетімді жанынан қуатын, жоқ-жітікті тамақтандырмайтын әрі өзгені де (жақсылық жасауға) құлшындырмайтын адам». («Мағун» сүресі, 1-3-аяттар).
– ХАДИС: Сәһл ибн Сағдтан (р.а.) жеткен хадисте:
«Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Жұмақта жетімге қамқоршы болған адамға осыншама жақын боламын», – деп, сұқ саусағы мен ортаңғы саусағының арасын ашып көрсетті» – делінген. (Бұхари, әдәб 24).
-ХАДИС: Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте:
«Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Мұқтаж адам деп (50), бір-екі құрма немесе бір-екі түйір тамақ үшін қол жайып жүрген адамды емес, мұқтаж бола тұра, абыройын сақтап, ешкімнен қайыр тілемеген адамды айтамыз», – деп айтты» – делінген. (Бұхари, тәфсиру сура 2/48; Муслим, зәкәт 102).