facebook.com әлеуметтік желісінде Бекжан Сабыржанұлы «Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының бастамасымен ашылған «Халық арна» осы ма? «Асыл арнаны» — «Халық арнаға» айналдырудағы мақсат осы ма еді?, деп жазады kznews.kz тілшісі.
Мына бағдарлама осыдан 1 ай бұрын шыққан екен эфирге. Бүгін қайталап көрсетті. Не мақсаттары барын түсінбедім. Тек студияға келген траснвестит пен асабаның арақатынасын анықтауға тырысып, «еркекпен болдың ба, болмадың ба?» «Қанша ақша табасыңдар?», «Клиенттерің кімдер?» дегендей сұрақтарды білу үшін шақырған екен. Кәдімгі бизнесменге қоятын сұрақтар ғой). Амилай да бәрін ашып айтып тұр. «Бізге басына тақия киген молдалар да келеді» деді. ҚМДБ, қай имам екен ол барып жүрген? Анықтадыңыздар ма?
Бұл бағдарлама біте салып, «ЖЫР НАСИХАТТАРЫ» басталды. Өмірқұл Айнияз жарты сағат жырлады. Артынша «Әжелер өнегесі» болып жатыр)))» деп жазды.
Бұл жазбаға Нұрбек Бекбау «Халық арна қазір мүфтияттікі емес. ҚМДБ-ның ресми арнасы «Мұнара» деп жазды. Оған Бекжан Сабыржанұлы «Нұреке, мен ҚМДБ-нікі дегем жоқ. Бірақ бас мүфтидің ашқан арнасы екені рас қой былтыр. Арнаның атауын ауыстырып, арттарын тазалап кетулері керек еді» деп жауап берді.
Сондай-ақ Алтынбек Рахымберді «Халық арна қазір Муфтияттікі емес. ҚМДБ -ның ресми каналы МҰНАРА ТВ.» деген жазбасына Бекжан Сабыржанұлы «Алтынбек Рахымберді, тап қазір эфирден «Ихсан ілімі» деген бағдарлама өтіп жатыр. Мүфтияттың тапсырысын әлі де орындап отыр ма демек? Халық арнаны бас мүфти былтыр ашқан, биыл ресми жабылғанын жариялады ма?» деп осы суретті жариялады.
Өткен жылдың қараша айында Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының қолдауымен «Халық арна» телеарнасы ашылған болатын. Бас мүфти ашқан телеарнаның бір жылға жетер-жетпес уақытта азғындықты көрсетіп кеткені өкінішті.