Мешіт пен мазар мұнараларына неге ай қойылады?

Алпысбай, шіркеулерде айқыш (крест), синагогтарда жұлдыз, ал мешіттерде ай белгісі қойылады. Ай белгісін қою үрдісі Пайғамбарымыздың (с.а.у.) және одан кейінгі төрт халифа кезінде болмаған. Бұл үрдіс кейінірек көптеген елдердің мұсылмандардың қол астына өтуінен кейін мұсылман мешіттерін өзге ғибадатханалардан (синагога, шіркеу) айырып тұратын нышан әрі белгі ретінде қойыла бастаған.

Ал, бұл үрдіс қайдан шыққан дегенге келер болсақ, аталмыш белгі Ислам келмей тұрып сонау ескі сасаниттер империясының парсы өңіріндегі билигінің нышаны ретінде саналып, сасанит императорының тәжінде бейнеленетін болған. Кейін, парсы өңірі мұсылмандардың (651 ж.м.) билігіне өтісімен әлгі белгі мұсылман патшалары тарапынан да қолданып, уақыт өте келе Орта Азиядағы мұсылман билігінің нышаны ретінде есептелді деседі тарихшылар.

Дегенмен, ай мұсылман мешіттерін өзге мінәжатханалардан айырып тұратын белгі ретінде дейтін болсақ, оны таңдаудың мәнін тек билік, күш-қуаттың астарынан іздемегеніміз дұрыс. Себебі, Ислам дінінде жаңа туған ай жаңа мерзімнің басталуының белгісі, әрі Алла тағаланың ұлық құдіретінің көрсетер ғаламатының бірі және ол Құранның көптеген аяттарында баса назар аудартып айтылған жаратылыс ретінде белгілі. Демек мұсылманшылықтың белгісі ретінде айды таңдаудың мәні осында жатса керек.

Мазар да дәл солай. Онда да ай өзге дін өкілдерінің мазарынан айырмашылығы болсын деген ниетпен қойылады.

islam.kz 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста