Мен шайтан бар жерде отырмаймын!

Мен шайтан бар жерде отырмаймын!

Алла елшісі (с.а.с.) өзінің сахабаларымен бірге отырғанда бір кісі кіріп келіп, Хазіреті Әбу Бәкірге (р.а.) тіл тигізіп, оны ренжітеді. Бірақ Әбу Бәкір (р.а.) үндемей, әлгі адамға жауап қайтармайды. Ол адам екінші рет тағы да тіл тигізіп мазалайды. Хазіреті Әбу Бәкір (р.а.) тағы да үнсіз қалған еді, Пайғамбарымыз (с.а.с.) оның бұл әрекетіне риза болып, жүзіне күлімсіреп қарады. Әлгі адам бұл әрекетін тағы да қайталап еді, Хазіреті Әбу Бәкір бұл жолы оған тиісті жауабын берді.

Сол уақытта Хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.с.) дереу орнынан тұрып кетіп қалды.

Әбу Бәкір (р.а.) дереу соңынан барып:

- О, Алланың елшісі! Маған ренжідіңіз бе? – деп сұрады.

Сонда Алла елшісі (с.а.с.):

- Жоқ, - деп, артынан сөзін былай жалғап;

- Көктен бір періште түсіп, әлгі адамның саған айтқандарын өтірікке шығарып, сенің орныңа оған жауап беріп жатты. Сен жауап қайтарып, өшіңді алған соң періште кетіп, орнына шайтан келді. Мен шайтан келген жерде отырмаймын, - деді.

Осыған байланысты Хазіреті Мәуләнә:

- Надандардың қасында кітап секілді үнсіз бол! – дейді.

Өйткені Хақ Тағала мүминдердің осындай болуын қалайды және олардың ерекшеліктерін былай баяндайды:

- Рахманның құлдары жер бетінде сыпайы сақтап жүреді. Надандар тіл тигізетін болса оларға: «Сәлем!» деп кете барады (Фұрқан сүресі, 63-аят).

- (Ол ізгі құлдар) жалған нәрсеге куәлік етпейді, ал бос сөзге жолығатын болса (ол жерден) айбындылық танытып өте шығады (Фұрқан сүресі, 72-аят).

Біздің дүниедегі һәм ақыреттегі өміріміздің берекелі болуы менмендіктен құтылуымызға, өлместен бұрын өзімізді сұраққа тартуымызға байланысты. Бұл үшін барлық уақыт сәтті саналады. Бірақ қасиетті, мүбәрак уақыттарда өте көп әрекет етуіміз керек. Қолымызда өмірімізде пайдаланып қалатын үлкен мүмкіншіліктер бар. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста