Сауд Арабиясның билігі қасиетті Меккедегі Харам мешіті мен Мәдинадағы Пайғамар (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) мешітіндегі лауазымды қызметтерге 34 әйелді тағайындады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл жайында islam.kz тілшісі The National ақпарат көзіне сілтеме жасап жазды.
Киелі қос мешіттің істеріне жауапты бас басқарма президенті Әбдірахман ас-Судай Саудияның әйелдерді жұмыспен қамту бағытында едәуір алға жылжығанын жеткізді.
Сонымен қатар, аталған араб елі билігі азаматтарға қажылық кезінде қажыларға тұрғын үйлерін жалға беруге рұқсат берді. Ол үшін үй иесі тиісті органдардан рұқсат алып, баспанасы тексеруден өтуі керек.
Тұрғын үй іздеу және жалға алу үшін веб-сайттар мен қосымшалар іске қосылады.
Бұдан бөлек, қажылық парызын өтейтіндер үшін 48 жаңа смарт сервисі іске қосылады.
Меккенің киелі жерлерінде қауіпсіздікті бақылау жүйесі іске қосылады - іздеуде жүрген адамдар нақты уақыт аралығында тұлғаны тану жүйесі арқылы анықталады.