Мәуліт арабтың [маулид] дүниеге келу, дүние есігін ашу, туған күн деген мағыналарға келетін сөзінен туындаған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Kazislam.kz-ке сілтеме жасап.
Әдетте бұл сөз мұсылмандардың арасында Мұхаммед пайғамбардың [с.ғ.с.] туған күнін білдіреді.
Пайғамбар [с.ғ.с.] дүние есігін ашқан уақытта әлемде ғажап оқиғалардың болғаны ислам тарихында айтылады.
Құранда Алла Тағала пайғамбарды [с.ғ.с.] әлемге мейірім ретінде жібергені туралы хабар берген: «Біз сені күллі ғалам үшін рақым етіп қана жібердік» [Әл-Әнбия: 107]. Сол себепті де мәулітті атап өту пайғамбарға деген құрмет пен сүйіспеншіліктің белгісі һәм көрінісі.