Күнә және сауап

Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын!

 

           Алла Тағала адамға өте көп мүмкіндіктер беріп, қабілеттермен қамтамасыз еткен соң  адам баласына белгілі бір шариғат ережелерін бекіткен. Сызып қойған сызықтай осы ережелерден аспауымыз, Алладан қорқуымыз қажет. Шариғат шеңберінен шыққан жағдайда жасалған әрекеттер күнә болып есептеледі. «Былай жасау кіші күнә», «бұлай істеу ауыр күнә» деген сынды сөздерді баршамыз естіп жүрміз. Ойланып қараған адамға күнәнің үлкен-кішісі жоқ. Өйткені бүкіл әлемнің раббысы -  Алланың өзі бекіткен ережелерін бұзуды кіші күнә дей алмаймыз. Күнә – Алланың қаһарына душар ететін жаман әрекет. Күнәлі  істерге: Аллаға серік қосу, жазықсыз адам өлтіру, зина жасау, ұрлық жасау, біреудің ақысын жеу, ренжіту сынды көптеген сұмдық әрекеттер жатады.  Күнәға барған адамның түбінде жауапқа тартылатыны қасиетті Құранда «Хашыр» сүресінің 15-аятында: «Олар, өздерінен біраз бұрынғылар сияқты; істегендерінің жазасын татты. Әрі оларға күйзелтуші азап бар» - деп баяндалады. Алланың азабын, тоқазтың барын шын түсінген адам осы өмірдегі аз ғана лаззат үшін мәңгі өмірдегі рахатынан, жұмағынан бас тартпауы керек. Яғни жұмаққа кіруімізге себеп болатын жақсы амалдарымызды доғармай, күнәлі істерден бойымызды аулақ ұстауымыз  - біздің шынайы иман дәрежемізді көрсетеді.Әрине, адам өте әлсіз жаратылыс. Лағынеті шайтанның арбауына кей кездері түсіп қалуымыз ғажап емес. Алайда, сол мезетте Аллаға тәубе етсек, Алланың кешірім есіктері әрқашан ашық екенін есімізде сақтауымыз қажет. Өзіміз әлсіз жаратылыс болсақ та, Аллаға деген иманымыз мықты болса ешқандай азғырушыға бой алдырмайтынымыз анық.

 

             Бізді ақырет күнінде таразымызды ауыр басатын, қабірде барлығы бізді тастап кеткенде бізбен соңына дейін қалатын шапағатшымыз – сауап амалдарымыз. Алла Тағала «Зілзәла» сүресінің 7-аятында: «Кімде-кім шаңның тозаңындай жақсылық істесе, соның сыйын алады» - деген. Сауап амалдар жасаған адам екі дүниеде де оның қайтарымын көреді. Сауап амалдарға Алланың парыз еткен амалдарын көркем түрде орындау, ата-анаға құрмет көрсету, жетім-жесірлерге қол ұшын созу, барға шүкір, жоққа сабыр ету сынды көптеген амалдар жатады. Мұндай амалдардың ақыреттегі сыйы – Алланың разылығы, мәңгілік жұмақ. Біз бұл ғұмырда ең көбі 100 жыл өмір сүреміз. Ұрланған немесе бөгде біреудің ақысын жеу арқылы табылған дүниенің пайдасын аз ғана ғұмырымызда көрерміз. Алайда, оның жазасын мәңгілік өмірде тартатынымызды естен сақтағанымыз жөн. Сәйкесінше, осы өмірде аз ғана уақытымызды бөліп жақынымызға көмектесуіміз немесе қалтамыздан жырып, мұқтаждарға садақа беруіміз бізге сәл қиындау болуы мүмкін. Алайда оның сауабын ақыретте, маһшар алаңында дәрежеміздің өзгелерден жоғары болғанда аламыз, Алланың разылығы мен мейіріміне бөленеміз. Сондықтан да күнәлі істен барынша сақ болып, сауапты істер жасауға асығуымыз керек. Алла Тағала баршамыздың жүрегімізге күнаға деген жек көрініш оятып, сауапты амалдарға деген, Алланың разылығына деген махаббатымызды арттырғай!

 

 

 

 

 

Қаражал қалалық мешітінің бас имамы Советов Талғат

ihsan.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста