«Крещенские морозы» суға түсуге бола ма?

«Крещенские морозы» суға түсуге бола ма?

Ассаламу алейкум! Қыстың аяз күндері «крещенские морозы» басталды деп өзендердің мұзын ойып, суға түсіп жатады. Бұл, әрине, христиан дінімен тығыз байланысты екенін бәріміз білеміз. Бұл жөнінде біздің дінімізде не айтылған?
Уа алейкум ассалам!

Қазақта жаздың және қыстың шілдесі деген ұғым бар. Қазіргі уақытта тілдік қолданыстан түсіп, көмескіленіп бара жатқан бұл ұғымдардың шығу тегіне үңілсек, табиғаттағы әр құбылысты қалт жібермеген ата-бабаларымыздың даналығын аңғарамыз. Жаз шілдесі шықпай, аптап күн ыстығы басылмайды, ал қыс шілдесі шықпай, аяздың беті қайтпайды. Осыған орай, жаз шілдесі маусым, шілде айларында басталып, қырық күнге созылады.+

Ал, қыс шілдесі деп қаңтар айындағы табиғаттың қаһарына мініп, сақылдаған аяздың күшейе түсетін кезін айтамыз. Аспан әлемін астрономдардан артық білген ата-бабаларымыз Үркер жұлдызының дәл төбеге қарай шырқай көтерілуіне – Қыс шілдесінің «Сары Аязы» деп атау берген.
Табиғаттың осы құбылысының құпиясы дінімізде былай түсіндіріледі. Әбу Һурайра (р.а.) риуаят еткен хадисте: «...Тозақ Раббысына шағымданып: «Уа, Раббым! Мен өз-өзімді жеп бара жатырмын», – дейді екен. Сонда тозаққа жылына екі рет: қыста бір дем, жазда бір дем шығаруға рұқсат етіледі. Бұл сендердің жаздағы сезетін аптап ыстықтарың мен қыста сезетін қақаған аяз[1]», – делінген.
Ал, шариғатымызда өзге діни наным-сенімдерді құптауға қатаң тыйым салынған. Бұл жайында Абдулла ибн Омар: «Кім бір қауымға ұқсаса, солардың бірі болады[2]», – деген хадисті риуаят еткен.
[1] Бұхари, Муслим
[2] Әбу Дәуід.

Руслан Камбаров 

muslim.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста