Көршіңіздің сіздегі 27 ақысы

Əрбір мұсылманның көршілерімен жақсы араласып, көршілік міндетін өз дəрежесінде орындауы да Ислам дінінің талабы.

Құранда Алла тағала өзіне серік қосуға тыйым сала келіп көршіге жақсылық жасауды да бұйырады:

«Бір Аллаға құлшылық жасап, Оған еш нəрсені серік етіп қоспаңдар. Ата-аналарыңа жақсылық жасаңдар. Сондай-ақ жақын туыстарыңа, жетімдерге, жарлы-жақыбайға, туысқан көршілеріңе, туыстығы жоқ көршілеріңе, (сапарлас немесе жақын) жолдастарыңа, елінен жырақта жүрген адамға, қолдарыңдағы құлдарың мен күңдеріңе жақсылық жасаңдар. Шынымен Алла тəкаппар һəм мақтаншақтарды жақсы көрмейді».

Пайғамбарымыз (с.а.у.) да көрші ақысы жайлы: «Маған Жəбірейіл періште көрші жайында көп өсиет айтқаны сонша, көршіні көршіге мирасқор ететін шығар деп ойладым», «Үш түрлі көрші бар: үш ақысы бар көрші, екі ақысы бар көрші жəне бір ақысы бар көрші. Туысқан əрі мұсылман көршінің үш ақысы бар: туысқандық, мұсылмандық жəне көршілік. Мұсылман көршіңнің екі ақысы бар: мұсылмандық жəне көршілік ақысы. Мұсылман емес көршіңнің бір ақысы бар: көршілік ақысы», «Есігі ең жақын көрші жақсылық жасауға да ең бірінші лайық болады».

Осы сынды хадистерден ғұламалар көрші ақысын былай белгілейді:

1. Кісі үйінің төрт жағынан (оң, сол, алды, арты) қырық үй көрші болып саналады.

2. Көршілердің ар-намысына тіл тигізбей, оларға жамандық жасаудан аулақ болу керек;

3. Жақын көршісі аш болып, өзінің тоқ жатуы мұсылмандыққа жараспайды;

4. Көршіні сөзбен жəне іспен ренжітпеу керек;

5. Көршінің үйіне жəне ауласына рұқсатсыз көз тастауға, рұқсатсыз кіруге болмайды;

6. Анда-санда сыйлық беріп отырған дұрыс;

7. Тамақ пісіргенде немесе дүкеннен сатып алғанда жақын көршісіне де ұсыну мұсылманға тəн үрдіс;

8. Керек кезде көршіге қол ұшын беру;

9. Сұрап келсе қарыз беру;

10. Мейрамдар мен қуанышты күндері көршісін құттықтау;

11. Көршінің малына тас лақтырмау, үркітпеу;

12. Балаларының көрші балаларды ұруына, жаман сөздер айтуына жол бермеу;

13. Көршінің рұқсатынсыз үйін оның үйінен биік етіп салмау;

14. Кемшіліктерін тіміскілемеу, сырын қазбаламау;

15. Сəлем беріп, сəлемін алу;

16. Кемшіліктерін, сырларын жария етпеу;

17. Бар болса сұрағанын беру;

18. Берген сыйлығын қабыл алу;

19. Қайғылы жағдайларда көңіл айтып, қайғысына ортақтасу;

20. Қонаққа шақырса бару;

21. Көршіге кешірімді болу;

22. Ауырып қалса, көңілін сұрау;

23. Қайтыс болса жаназасына қатысу;

24. Көршінің жетім балаларына көмектесіп, қорғаныш болуға тырысу;

25. Көршіге жылы жүз танытып, жақсы сөздер айту;

26. Көрші айқайлап ұрысса да, дауыс көтермеу, сабырлылық таныту, онымен ренжіспеу;

27. Көршінің мазасын алмау, мазасын алатындай жағдай болса, алдын ала ескертіп, кешірім сұрау.

islam.kz
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста