Көршілес елдер діни ахуалды қалай реттейді?

Қазіргі уақытта жаңадан пайда болған діни қозғалыстардың ұлғаюы мемлекет, дін және қоғам арасында мәселелердің пайда болуына алып келді. Осы мәселелерді шешуде посткеңестік елдер мемлекеттік-конфессионалдық қарым-қатынасты зайырлылық ұстанымдарға негіздейді. Мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы қатынасты құқықтық тұрғыдан реттеуде әрбір мемлекеттің өзіне тән ерекшеліктері бар. Аталған кеңістіктегі елдерде мемлекеттің конфессияларға бағытталған саясатын жүзеге асыруда арнайы комитеттер құрылған.
ТМД елдеріндегі конфессиялармен қарым-қатынас мемлекет пен діни бірлестіктердің өзара әріптестігі негізінде азаматтардың рухани-моральдық тұрғыдан дамуына бағытталған. Сонымен қатар мемлекет пен конфессиялардың әріптестік қатынасы тарихи маңызы бар нысандарды сақтап қалу мен қалпына келтіру мәселелерінде бірлескен жұмысынан көрініс береді. Сөзімізді нақтылау үшін Ресей Федерациясының «Ар-ұждан бостандығы және діни бірлестіктер туралы» заңын мысалға келтіруге болады. Аталмыш заңға сәйкес тарихи және мәдени ескерткіш болып танылатын нысандар мен ғимараттарды қорғауда, сақтауда және қалпына келтіруде діни бірлестіктерге мемлекет қаржылық, материалдық және өзге де көмек көрсетеді. Сонымен қатар Ресей Федерациясы 2010 жылдың желтоқсанында «діни бірлестіктерге мемлекеттік және коммуналдық меншіктегі діни мақсаттағы заттарды қайтару туралы» заң қабылдаған болатын. Бұл заң 1917 жылғы қазан революциясынан кейінгі болған оқиғаларға байланысты діни конфессиялардың айрылған меншіктерін қайтаруға және тарихи әділдікті орнатуға бағытталған. Аталмыш Заңдар мемлекет пен конфессиялар арасындағы қарым-қатынастың бейбіт және келісім бағытында дамуына әсер етті. Осылайша мемлекет пен діни бірлестіктер ТМД елдерінің аумағында қоғамның дамуы үшін бірлесіп қызмет етуде.
ТМД елдерінде діни ахуал қалыпты жағдайда деп айтуға болады. Дегенмен Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғыз республикаларында діни ахуал күрделірек. Аталмыш мемлекеттерде ислам діні үлкен басымдыққа ие және бұл мемлекеттер діни тұрақсыздықтар орын алатын Орта Азиядағы елдерге жақын орналасқан. Осы себептерге байланысты аталған елдер мемлекеттік-конфессионалдық қатынаста ислам дініне баса назар аударады. Бұл мемлекеттер ислам дініндегі радикалды ағымдарға тойтарыс беру мақсатында Ханафи мазхабына басымдық береді және дін атын жамылған деструктивті топтарға қарсы іс-шаралар өткізіп, заңға күшейтулер енгізуде.
ТМД мемлекеттерінің ішіндегі кейбір елдерде халықтың басым бөлігі ұстанатын дәстүрлі діндерге басымдық берілген. Атап айтқанда, Грузия Конституциясы дәстүрлі дін мәртебесін енгізген. Осының негізінде мемлекет Грузия православ апостол шіркеуімен келісімшарт жасасып, оған бірқатар жеңілдіктер берілген (Грузия мемлекеті мен Грузия православ апостол шіркеуі арасындағы Конституциялық келісім).
1991 жылғы 17 маусымдағы «Ұждан бостандығы және діни ұйымдар туралы» Армения Республикасы заңының преамбуласы мен 17-бабында Армян апостол шіркеуін армян халқының ұлттық шіркеуі ретінде бекіткен. Заңның 17-бабында ел аумағынан тыс жерлерде де қызмет етіп жатқан Армян апостол шіркеуі халықаралық құқықтық нормалар аясында Армения Республикасы тарапынан қорғалады деп көрсетілген.
ТМД елдерінің арасында Қазақстан Республикасының конфессиялармен қатынасы көпке үлгі бола алады. Елімізде тіркелген әрбір конфессияға мемлекет тарапынан теңдей құқық беріліп, олармен елдің тыныштығын және дінаралық татулықты сақтау мәселелері басты орынға қойылған. Қазақстан мемлекет пен дін арасындағы қатынасты зайырлық ұстанымдарға негіздей отырып, әлемдегі барша діндерді татулық пен бірлікке шақырады. Осы мәселеде Елбасының бастамасымен ұйымдастырылатын әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі үлкен маңызға ие. Жуырда, 10-11 қазанда, елімізде аталмыш шараның VI съезі өтті және бұл жолы діни лидерлер жаһандық қауіпсіздік туралы өз ойларымен бөлісіп, әлемді бейбітшілікке шақырды.
Қорыта келгенде, мемлекеттік-конфессионалдық қатынастағы толеранттылық Қазақстан үшін ғана емес, өзге де ТМД кеңістігіндегі барлық мемлекеттерге де тән. ТМД ұйымына кіретін барлық мемлекеттер көпконфессиялы елдердің қатарына жатады. Жоғарыда көрсетілгендей ТМД мемлекеттері конфессиялармен қатынасын демократияның басты қағидаларының бірі болып табылатын зайырлылық ұстанымдарға сәйкес құруда және ел заңнамалары халқының тарихи, мәдени, әлеуметтік және дәстүріне бейімдеген.
С.Қабыл,
дінтанушы

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста