Кебінде қалта болмайды, мүмкіндік барда береріңді беріп қал!
Бір қарт әйел ақшасын жоғалтып алады. Сонда ол жайында естіген біреу көшеге: «Мен пәленше ақша жоғалттым. Барым сол. Күнелтіп отырған ақшам еді. Соны тапқан біреу болса, өтініш, мына мекенге алып келүін өтінемін»,-деген хабарландыру іліп қояды.
Көп уақыт өтпейді. Хабарландыруды көрген бір мейірімді жан: «Мұқтаж біреу шығар. Ақшаңызды тауып алдым деп өз ақшамды бере салайын»,-хабарландыруда көрсетілген мекенге барып әйелдің қолына ақшаны ұстатады. Сол сәтте әлгі қарт әйел жылап жібереді де былай дейді: «Балам-ау! Сен: «Сіздің ақшаңызды тауып алдым»,-деп келіп жатқан он екінші адамсың. Сенен бұрын келгендер де: «Сіздің жоғалтқан ақшаңызды тауып алдым»,-деп келген еді».
Ақша алып келген күлімсірейді де үндеместен үйден шыға жөнеледі. Сонда қарт әйел оны қайта шақырып алып: «Балам! Анау көшеде оқыған хабарландыруды жыртып тасташы. Мен жазуды да, оқуды да білмеймін»,-дейді де, кейін көзіне тағы жас алып: «Сендердің маған деген ықыластарың дүниенің көркемділігі діннің берекетімен болатынына көзімді тағы жеткізді жеткізді»,-дейді.
Уа, пенде! Ақырет кебіннің қалтасы болмайды. Сондықтан берерің болса, мүмкіндік барда беріп қал!