Карантин. ҚМДБ мәлімдеме жасады

Карантин. ҚМДБ мәлімдеме жасады

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы Президент белгілегені бойынша карантин уақытының аяқталуына байланысты арнайы мәлімдеме жасады.

 

Өздеріңіз жақсы білесіздер, елімізде төтенше жағдай жарияланған кезде әр азаматтың денсаулығы мен өмірін сақтау мақсатында мешіттеріміздегі жамағат намаздарына уақытша шектеу қойдық. Осы шешімді түсіністікпен қабылдап, құлшылықты үйде жасаған баршаңызға риясыз ризашылығымызды жеткіземіз. Алла разы болсын! Дұға-құлшылықтарыңыз қабыл болсын. Төтенше жағдай кезінде имамдарымыз 100 мыңға жуық отбасына ауызашар асын жеткізіп, мұқтаж отбасыларға қайырымдылық жасады. Сауаптар еселеніп жазылатын айда осы игі іске атсалысқан баршаңызға айрықша алғысымызды білдіреміз. Алла сауабын еселеп жазғай - делінген ақпаратта.

 

Сонымен қатар, Алла Тағала "Шарх" сүресінде қиындықпен берге жеңілдік болатынын айтқан.

 

Аллаға шүкір, елімізде эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді. Алайда жұқпалы індеттің қаупі толық жойылған жоқ. Осыған орай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі мешіттердің жұмыстарын кезең-кезеңмен ашуды қолға алды. Бірінші кезең бойынша мешітке келіп, жеке құлшылық жасап, Құран оқытуға, отау құрған жандарға неке қидыру рәсімін орындауға рұқсат беріп отырмыз. Осы ретте баршаңызды мешітте жеке тазалық шараларын қатаң сақтауға шақырамыз. Бетперде киіп, қолды жиі жуып, өзіміз бен өзгенің өмірі мен денсаулығына аса жауапкершілікпен қарайық - дейді ҚМДБ.

 

Сондай-ақ ҚМДБ жұма, тарауық намазын оқу бойынша оның мерзімін қосымша ресми мәлімдейтінін ескертті.

 

Жаратушы Иеміз қасиетті Құранның "Тәубе" сүресінде: "Алладан шынайы қорыққан тақуалар мешітті көркейтеді" деген. Ал ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: "Алла Тағала мешітті жақсы көрген пендесін жақсы көреді" деп сүйінші хабар жеткізген. Қасиетті Рамазан айында қаншама азаматтар Алла үйін сағынып, онда құлшылық жасауды сұрап, дұға етті. Міне, Алла мешіттерімізді ашып, өз үйіне құлшылық жасауға шақыруда. Жаратқан Жаббар Иеміз мешітте жасаған барлық дұға-құлшылықтарымызды қабыл етіп, Рамазанның құрметі үшін Өзінің мейірім-шапағатына бөлегей. Жұқпалы індет жер бетінен жойылып, мереке мен берекелі күнде жүздесуді жазғай. Әмин! - делінген хабарламада.

 

Бірінші кезең (11.05.2020) бойынша мешітте мынадай діни рәсімдер мен құлшылықтарды жасауға болады:

 

1) Мешітте намаз оқитын орындарға қатысты.

 

*Тек қана жекелеген түрде намаз оқу;
 

*Намаз оқушылардың ара қашықтығы 1,5 метр болып арнайы белгіленген орындарда оқуы;
 

*Намаз оқитын залдарда имамдар және намаз оқитын адамдар міндетті түрде бетперде және медициналық қолғаппен болу;
 

*Намаз оқитын залдардың көлеміне қарай отырып, залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу қажет;
 

*Намаз оқып болғанан соң мешіттен шығып кету;
 

*Жасы үлкен кісілер, денсаулығы нашар адамдар (ер және әйел), және жас балалар намаздарын үйлерінде оқуға ұсынылады;
 

*Мешіт дәретханаларын қолдану барысында арақашықтықты және сантитарлық талаптарды сақтай отырып қолдану;
 

*Мешіттің кіреберісінде тұрған антисептикалық құралдарды пайдалану қажет.
 

2) Мешітте құран оқытуға қатысты.

 

*Құран оқытуға келушілер арасында арақашықтықты (10 адамнан артық кіргізбеу) сақтау;
 

*Құран оқытуға келушілердің аралары 1,5 метр қашықтықты сақтау және арнайы белгіленген орындарға отыру;
 

*Құран оқитын бөлмелерге имамдар және келушілер міндетті түрде бетпердемен отыру;
 

*Гигиеналық талаптарға сәйкес бата жасау (бет сипау және т.б.);
 

*Әр 3 сағат сайын құран оқитын бөлмені желдетіп отыру қажет;
 

*Құран оқитын бөлмеге кірмес бұрын антисептикалық құралдарды пайдалану қажет.

 

3) Неке бөлмелеріндегі іс-шараларға қатысты.

 

* Неке қиюға шариғат талаптарына сәйкес, неке бөлмесінде куәгерлерден басқа адамдар болмауы тиіс;

* Неке қиюшылардың аралары 1,5 метр қашықтықты сақтау және арнайы белгіленген орындарға отыру;

 

BAQ.KZ

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста