ИТТІҢ МАЙЫН ДЕНЕГЕ ЖАҒУҒА БОЛА МА?

Шариғатымызда иттің еті, сілекейі нәжіс, харам болып саналады. Өйткені ит азу тісті жыртқыш аңдардың қатарына жатады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Аzan.kz-ке сілтеме жасап.

Ол жөнінде Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):  

 

   كُلُّ ذِي نابٍ مِنَ السِّباعِ فأكْلُهُ حَرامٌ

 

«Азу тісті әрбір жыртқыш аңды жеу – харам»[1], – деген.

 

Сондай-ақ, итті сатып ақшасын пайдалану харам екендігіне байланысты Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген:

 

     ثَمَنُ الكَلْبِ خَبِيثٌ 

 

«Итті сатып тапқан табысы – харам»[2].   

 

Енді иттің майын емдік мақсатта пайдалануға келсек, Ханафи мәзһабында жеуге тыйым салынған жануарлардың еті және тағы басқа нәрселерімен емделуге болмайды[3].

 

Ибн ән-Нужайм әл-Ханафи: «Харам нәрселермен емделу ғалымдардың арасында  тартысты мәселе. Алайда «әз-Захира» кітабында: «Харамнан басқа еш ем табылмаса және ол ауруға ем болатыны нақты болса, онымен емделуге рұқсат»[4], – деген.

 

Ал Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Алла Тағаланың харам еткен нәрселерінде сендерге шипа жоқ»[5], – деген хадисі емі жоқ нәрселерді ғана қамтиды[6]. Сол үшін ғалымдар адал әрі таза дәрі табылмаған жағдайда ғана дәрігер иттің майын жағуға кеңес берсе оған рұқсат берген[7].

 

Сондықтан әділ әрі сенімді мұсылман дәрігер аурудың жалғыз емі – иттің майын жағу және оның еш зияны жоқ деген қорытынды жасаған жағдайда әрі оның орнын басатын халал дәрі табылмаса, онда оны емдік мақсатта қолданудың оқасы жоқ. 

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста