ИТ АСЫРАУҒА БОЛА МА?

Әбу Һұрайрадан (одан Алла разы болсын) риуаят етіледі: «Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты және сәлемі болсын): «Кімде-кім аңшы иттен және мал шаруаны немесе егін жерді күзетуші иттен басқа бір ит асыраса, оның сауабынан күнде бір қыйрат (салмақ өлшемі) сауап кемітіледі», деді».

Жалпы алғанда, кез келген күзетші итті асырауға болады. Қазіргі уақытта кейбір қауіпсіздік істеріміз үшін қолданатын із қуатын немесе иіскеп табатын иттерді де күзетші иттердің қатарына қосуға болады. Басқа жағдайларда үйде ит ұстау шариғат бойынша дұрыс емес. Өйткені, ит нәжіс, лас махлұқ. Ол жалаған, иіскеген нәрсені де ластайды. Түрлі нәжістерді жегені үшін, оның аузында улы, зиянды микробтар көп орналасады. Одан бөлек, мезгілсіз үріп, адамдардың мазасын алады, шырқын бұзады. Бос жүрген иттер адамдарды тістеп, түрлі жарақаттар мен ауруларға, тіпті құтыруға шейін себеп болады. Кейбір қоғамдарда иттердің жиі-жиі жойылып тұрғандығының себебі де осы.

Ислам ғалымдары бұл хадистегі ит асырауға тыйым салынғандықты мәкруһ, яғни жағымсыз әрекет, айыптылық деп бағалады. Үйде ит асырауға болмайды деген үкімді, оларды ұру, айдау немесе қырып тастау, деп ойлау – ол қателік. Бұл жайында Алланің Елшісі (Оған Алланың салауаты және сәлемі болсын): «Егер иттер де (адамдар секілді) бір үмбет (топ, ұйым) болмағанда, оларды өлтіруге бұйыратын едім», деді .

Құранда: «Жер бетіндегі қандай да бір жануар не қос қанатымен ұшатын құстар (барлығы да) – өздерің (уа, адамдар) секілді үмбеттер» , делінген.

Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты және сәлемі болсын) сахабаларға шөл далада сусындап өле тұрған итті көріп, мәсісіне толтырып құдықтан су шығарып, оны өлімнен құтқарып қалған бір күнәхар адамның хикаясын айтып, соңында былай деді: «Алла Тағала оның бұл әрекетіне

сүйініп, күнәларын кешірді» .

 

Хасан АМАНҚҰЛ

 

1.Бұхари және Муслим риуаят еткен.

2.Әбу Дәуіт және Тирмизи риуаят еткен

3. «Әнғам» сүресі,38-аят

4.Бұхари риуаят еткен

mazhab.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста