ИСЛАМДАҒЫ ТОЙ ӘДЕБІ

Қазақ халқы ежелден сауықшыл халық. Адам дүниеге келгеннен бастап ғұмырының соңына дейін әртүрлі белестеріне байланысты тойлар мен атаулы күндерге толы болатындығы белгілі. Шілдехана мен бесік той, тұсаукесер мен сүндет той, үйлену тойлары, әртүрлі мерейтойларды белгілеу осының дәлелі.

 

Қазақ той мен думанға айырықша мән бере отырып, сан ғасырлар бойы той тойлаудың өзіндік мәдениетін қалыптастырған. Ұлтымыз тойда бей берекет шашылу мен ысырап мәселесін шектей отырып, тойды тек ағайынмен ру аралық және ұлттық бірлікті бекемдейтін шара ретінде қарап, маңыз беріп келгендігін тойға байланысты қалыптасқан әдептерден байқаймыз.

 

Демек, қазақ мәдениетінде той халықты біріктіретін, ұлттың мәдениетімен салтын насихаттайтын, күш пен өнер сайыстыратын мерекесі ретінде қаралған. Өткен ғасырлардағы қазақ тойларында ешқандай да әдепсіздік әркеттері болмаған деуге болады.

 

Ал асыл дінімізде той, мерекеге байланысты тағылымдар да жетерлік.

 

Тағылымдарға зер салсақ: Әнәс ибн Мәліктен (р.ғ.) риуаят етілген хадисте, Алла Елшісі (с.ғ.с) Абдуррахман ибн Ауфтің (р.а) жүдеулі, әбіржіген кейіпін көріп: - «Саған не болған?» - дейді. Абдуррахман ибн Ауф (р.а): - «Иә, Расулалла! Үйленіп едім» - дейді. Сол кезде пайғамбарымыз (с.ғ.с): - «Алла саған бұл некені берекелі етсін! Бір қой болса да сойып, қонақ асын бер» - дейді. (Бұхари, Мүслім)

 

Осы тағылымды хадиске қарап отырып, ардақты пайғамбарымыздың (с.ғ.с) адам өміріндегі атаулы мерекелерді атаусыз қалдырмай әдеп аясында береке мен бірлікте атап өтудің маңызын айтқандығын көруге болады.

 

Сонымен қатар бұл хадис некелесудің және шариғат жолымен ерлі зайыпты болудың пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сүннеті болып табылатынындығының куәсі болса керек.

 

Алла Елішісі (с.ғ.с) сонымен қатар оларға Алладан дұға тілеп, бақыт пен берекет сұрау керектігін айтып, кеңес бергендігі айтлады.

 

Исламдағы діни мейрамдардың да мұсылман қауым үшін де маңызы зор. Құрбан айт пен ораза айт және мәуліт мейрамдарды мұсылмандардың бірлігін шыңдап, берекесін бекемдей түседі.

 

Исламдағы той әдебінде харам ас ішпеу, жаман қылықтар жасамау туралы үкім етілген. Сонымен қатар ысырапшылдыққа бару, болымыз нәрселерді атап өтіп той тойлау исламда және қазақ танымында, салт-санасында дұрыс әркет болып есептелмейді.

 

Ағайынның және басқа дос жаранның қуанышына ортақтасу, ізгі тілек жолдау аса маңызға ие.

 

Қазақ ізгі тілек жолдағанда «той тойға ұлассын» деп, болашаққа жақсылықпен қарап, Ұлы Алла Тағаланың жақсылығынан ешқашан үміт үзбеген.

 

Тойды ысырапқа салынбай, әдеп деңгейінде, салт пен дәстүр аясында өткізу ұлт болашағымен ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы айырықша болмақ.

 

 

Дәулет қажы Қабидолдин 

mazhab.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста