Ислам – ұлттық құндылықтардың арқауы

Ислам – ұлттық құндылықтардың арқауы

Исламның Қазақ халқының өмірінен орын ала бастағанына XIII ғасырға жуық уақыт өтті. Әлемдегі барша мұсылмандар ардақ тұтатын қасиетті Құранда Алла тағала: «Мен адамдарды бірін-бірі тануы үшін ұлттарға бөліп жараттым», дейді. Демек, Алланың тікелей пәрменімен жер бетіндегі адамзаттың ұлтқа бөліну үрдісі жүзеге асқан. Ал ұлт сөзінің атрибутына келер болсақ оның өзіндік параметлері бар. Мәселен, бір ұлт екінші бір ұлттан дербес тілі, дәстүрі мен мәдениетінің болуымен ерекшеленеді. Ал Мұхамед Пайғамбар: «егер кез-келген ұлттың өзіндік дәстүрі мен ғұрыптары Құран мен хадистерге қайшы келмейтін болса, онда оны ұстануға толықтай рұқсат беріледі»,- деген. Бұл қағида Ислам дінінің VIII ғасырдан бастап қазақ даласына ену процесі кезінде де сақталды. Түркі халықтары дәстүрінің Ислам діні қағидаларымен ұқсас болуы мен идеялар арасы қайшылығының болмауы ата-бабаларымыздың өз дәстүрін емін-еркін ұстануына негіз болды. Аталған уақыттан бүгінгі күнге дейін қазақ даласы мен Орталық Азия аймағы көптеген дін ғұламаларын туғызды. Бұл ғұламалардың тікелей ықпалымен өңірімізде Ислам діні халықтың тұрмыс-тіршілігіне дендей енді. Өзіндік салт-дәстүрін дінмен атастыра ұстанған халқымыз дінаралық түсініспеушіліктерден де алыс болды.
Қазіргі таңда жасыратыны жоқ Қазақстан аумағына орныққан Исламның дәстүрлі емес ағымдары сан ғасырлық ата-баба мұрасы мен қазақы салт-дәстүрді жиі-жиі сынауда. Олар ата-баба басына зиярат ету, кез-келген ұлттық дәстүрлі ерекшеліктерге қарсы шығып жатыр. Оның үстіне мұны жасаушы өзіміздің қаракөздер болуы үлкен өкініш. Олар Ислам дінінде айтылмайтын, бірақ қазақы дәстүрде сақталып келген әдет-ғұрыптарды дінсіздікке балап, осы арқылы ата тарихымызға қиянат жасап отыр. Тіпті бүлікшілерге кей кездері қазақтың ежелден мұсылман болғанын дәлелдеуге тура келуде!
Қазақтың дәстүрінде тарихтан келе жатқан қайтыс болған кісінің жетісін, қырқын және жүздігін беру дәстүрлері бар. Ерте заманнан бүгінгі күнге дейін жалғасып келе жатқан бұл дәстүрді тамырын шет елдерден алып жатқан кейбір ислами ағымдар «ширкке (құдайға серік қосу)» балап, ата-баба салтын мансұқ етуде. Дегенмен,бұл дәстүрдің шикілігі бар дей алмаймыз. Өйткені, Ислам діні бойынша қайтыс болған кісі үшін тірілердің жасай алатын негізгі жақсылығы марқұмның рухына бағыштап Құран оқу болып табылады. Ал жетісі, қырқы және жүздігіде марқұмның туыстары жиылып, Алладан сол кісінің тірі кезінде жасаған кемшіліктерін кешуін сұрап Құран аяттарын оқиды. Бұл дәстүрде жалпы қазаққа тән ысырапшылдық орын алуы мүмкін. Өйткені, қазақтың тарихы той – томалаққа пен ас беруге толы. Бірақ мұны да діни сауатты имамдардың түсіндіруі арқылы шешуге болады. Сондықтан кейбіреулер «шірікке» теңеп мансұқтаған ата дәстүріміздің Ислам дініне кереғар келіп тұрғанын байқай алмаймыз. Тіпті, құранда мұсылмандарға жетісі, қырқы және жүздігінде жиналмаңдар деген қағида жоқ. Мұның өзі аталған дәстүріміздің тыйым салынуға негіз жоқтығын айғақтап тұрған жоқ па?
Қазақтың салт-дәстүрінде радикалды дін өкілдері қырын қарайтын осы секілді көптеген ерекшеліктер бар. Бұлардың бәрін де сауатты имамдар қарапайым халыққа тұрақты жеткізер болса, елімізге де жат ағымдардың тигізер ықпалы да аз болмақ.
Бір халықтың мәдениеті ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық-рухани құндылықтарының негізінде қалыптасады. Халықтық мәдениеттің қалыптасуында ұстанған наным-сенімдерінің орны да ерекше. Қазақ халқының рухани дүниетаным тарихында Ислам дінінің орны ерекше. Исламға дейінгі халықтық мәдениетте орын алған наным-сенімдердегі дәстүрімізге сіңген құндылықтар Исламның келуімен біте қайнасып басқаша түсініктерге ие болып үлгерді. Халықтың салт-дәстүрінің ажырамас бөлігіне айналған Исламдық құндылықтар ғасырлар бойы қоғамдық қатынастарды реттеуге, жас ұрпақтың тәрбиеленуінде, мерекелер мен атаулы күндердің өткізілуінде, той рәсімдерінде және өлім салттарында қолдыныс тапты, тіпті діни қағидалардың салт-дәстүрмен біте қайнасқандығы соншалық, қазірде исламнан бұрын ұстанылған салт-жоралғылардың көбін исламға телу үрдісі қалыптасқан.
Бұл, халықтық салт-дәстүрде ислам дінінің келуінен бұрын қалыптасқан әдет-ғұрыптардың өзінің мәні исламнның ұстанымдарына бейімделіп, исламннан саналуы түрінде көрініс тапқан. Мәселен, қазіргі рухани жаңғырудың нәтижесінде қайта жанданып келе жатқан «Наурыз» мерекесінің тарихы исламннан әлде қайда ерте екендігі белгілі. Алайда осы мерекенің негізгі қағидаттары исламға бейімделіп, қазіргі түрі исламнның негізгі қағидаттарымен үндестік тапқан деуге болады.
Жалпы халықтың арасында қалыптасқан, бұгінге дейін сақталып келе жатқан қандай да бір дәстүр болмасын исламның реңімен боялып ұлттық-рухани құндылыққа айналғандығы дау тудырмайды.
Бұл дау немесе қайшылық исламды ұстану мәдениетінің ішіне жат элементтердің кіруімен басталған деуге болады. Дінді ұстану мәдениетінің өзі қазақ дүниетанымында исламның «ифрат-тәфрит» қағидасымен сабақтаса отырып қалыптасқан. Исламның рухани қайнарынан нәр алған қазақтың данышпан ойшылы Абай, адамның ұстанымының дұрыс бағытта болуы қажеттігін меңзеп қырық үшінші қара сөзінде: «Ішпек жемек, кимек, күлмек, көңіл көтермек, құшпақ, сүймек, мал жимақ, мәнсап іздемек, айлалы болмақ, алданбастық-бұл нәрселердің өлшеуі бар. Өлшеуінен асырса, боғы шығады», -деп түйеді.
Қорыта айтқанда, қазіргі қазақ қоғамы үшін «таза діннің» қасаң қағидалары бойынша өмір сүретін қоғам емес, салт-санамызбен сабақтас діни-рухани құндылықтарға құрылған дәстүрлі дүниетаным бойынша өмір сүретін қоғам қажет. Ұлттық құндылықтарымызды, рухани сабақтастығығызды сонда ғана сақтап қала аламыз. Ал жалаң қағидаларға негізделген ұстанымдар халықтың ерекшеліктерін жоюға негізделеді. Халықтық ерекшеліктерінен айырылған қоғам рухани дербестігінен ажырайды.

Кеңшілік ТЫШХАН,
ф.ғ.к., дінтанушы 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста