ИСЛАМ ДІНІНДЕГІ БІЛІМ АЛУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Білім алу – дініміз бойынша маңызды әрі хайырлы іс. Әрбір мұсылман адам, еркек болсын, әйел болсын білім алуға ұмтылуы тиіс, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Мazhab.kz-ке сілтеме жасап.

 

Дініміз бойынша білім алу – құлшылық болып табылады. Білім алу – бұл құлшылық, Құранды оқу мен оқығаныңды көңіліңе тоқу – құлшылық, тіпті білім алу үшін бір жерге баруыңның (мысалы, мектепке, университетке және т.б.) өзі – құлшылық.

 

Өзге бірде-бір дін немесе діни сенім, ислам секілді білім мен ғылымға көңіл бөлмейді. Дініміздегі білімнің маңыздылығын пайғамбарымызға (с.ғ.с) алғаш түскен Құран аяттарына қарап, білуге болады. Ол аяттарда:

 

«Сондай жаратқан Раббыңның атымен оқы! Ол, адамды ұйыған қаннан жаратқан. Оқы! Сенің Раббың аса Жомарт. (Ол) қалам арқылы үйретті. Ол адамзатқа білмеген нәрсесін үйретті» [1], – деп айтылған.

 

Бұл аяттар арқылы Раббымыз барлық адамзатты білім алуға, ақыл-ойын дамытуға шақырады. Құранның келесі бір сүресінде:

 

«Күдіксіз көктерде де, жерде де белгілер бар. Сендердің жаратылуларыңда сондай-ақ жәндіктердің өрбіп таралуында нақ сенген ел үшін белгілер бар. Түн мен күндіздің ауысуында, сондай-ақ Алланың көктен жаңбыр жаудырып, өлгеннен кейін жерге сонымен жан беруінде және желдерді игеруінде түсінген елге ғибрат бар» [2], – делінген.

 

Яғни, Алла осы белгілерді бізге көрсете отырып, оларды зерттеңдер, құпиясын ашыңдар дейді. Бұл дегеніміз діни білім ғана емес, жағрафия, астрономия, биология сынды өзге де ғылымдармен танысу, оларды оқу деген сөз.

 

Сондай-ақ Құрандағы: «Білетіндер мен білмейтіндер тең ба? Шын мәнінде ақыл иелері ғана ғибрат ала алады!» [3] – аяты, білім иелерінің өзге адамдардан бір дәреже жоғары екендігін анық көрсетеді.

 

Бұл тұста Абай атамыздың «тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де бекершілік», – деген сөздері еріксіз еске түседі.

 

Жалпыға бірдей міндетке (парыз кифая) келсек, біздің ортамызда ислам ғылымдарын үздік білетін мұсылмандар болуы тиіс. Егер ондай кісілер болмаса, күнә бәрімізге жазылмақ. Бұл ұстанымды керісінше жағынан да қарастыруға болады. Біздің қоғамда барлық сала мамандары – дәрігерлер, мұғалімдер, құрылысшылар және тағы басқалары да болуы керек. Егер аталмыш мамандық иелері болмаса, тағы да күнә бәрімізге жазылады.

 

Әл-Фараби, Әл-Кинди, Әбу Әли Ибн Сина, Әл Хорезми сияқты ғұлама аталарымыз дініміздегі осы ұстанымды бойларына сіңіріп, түрлі ғылым салаларындағы керемет жетістіктерге жеткен. Олар өмір сүрген кезең – Ислам ғылымының алтын ғасыры деп бекер айтылмаса керек. Сол кездегі мұсылман ғалымдары ашқан жетістіктер қазіргі ғылымның негізі болып табылады десек, жалған айтқан болмаймыз.

 

Сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с):

 

«Қытайға барып болса дағы, білім алыңдар!», – деген хадисі бар.

 

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) неге бұлай деді? Оның себебі тереңде жатыр. Сол замандарда Қытай жері түрлі ғылым салалары бойынша өте биік деңгеймен ерекшеленген.

 

Осы хадисті ту еткен мұсылмандар ұзақ сапар шегіп, өзге елдерге барып білім алатын болған. Біздің ата-бабаларымыз да кезінде Бұхара, Қазан мен Ұфа сынды қалаларға барып оқығанын тарихтан білеміз. Әрине, қазір жағдай басқаша. Шетел аспай-ақ, өзіміздің елде діни болсын, зайырлы болсын сапалы білімге қол жеткізуге болады.

 

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өзінің келесі бір хадисінде:

 

«Бесіктен қабірге дейін білім алыңдар», – деп бұйырады.

 

Бұдан шығатыны, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) сауаттылық пен білімділіктің маңызын жақсы түсінген. Ол өзінің сахабаларын білім алып, оны өзгелерге үйретуге үндеген. Ол ізбасарларын алған білімдеріне сай амал етіп, қоршаған ортадан Алланың көркем жасампаздығының белгілерін іздеуге шақырған.

 

Қорыта айтар болсақ, Құран Кәрімде де, пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадистерінде де білімге ерекше көңіл бөлінген. Келе жатқан білім күні қарсаңында, баршаңызды құттықтай отырып, өмір бойы білім нәрімен сусындауға шақырамын.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста