Ислам күнтізбесі ай санауына негізделген. Ол григориандық күнтізбенің 365 күнінен 11 күнге қысқа. Сол себепті мереке күндері жыл сайын азайып отырады.
Адам атаның (ғ.с.) бойының ұзындығы 30 зирға жуық болған. Бір зир шамамен жарты метрді құрайды.
Құранға сәйкес Қағбаны тұрғызған Ибрахим (ғ.с.) және оның ұлы Исмаил (ғ.с.).
Мұсылмандар Қағбаға табынбайды, Қағба Алланың қалауымен намаз оқу үшін бағыт болып саналады.
Абу Джахиль (Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) қас жауы), жасырын түрде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оқыған Қасиетті Құранның аяттарын тыңдаған. Себебі Құран оны баурап алған.
«Мұхамед» есімі – әлемдегі көп таралған есімдердің бірі. Албания Еуропадағы халық санының 90 %-ы мұсылмандардан тұратын жалғыз мемлекет.
Шешек ауруы туралы алғашқы трактат Абу Бакр Ар-Разимен (Закария әл-Рази) (864-925) жазылған. Осыған байланысты мұсылман мемлекеттерінде шешекке қарсы екпе егу әдеттегі іс болған.
Оксфорд және Кембридждің алғашқы студенттері мұсылмандармен жазылған математика, медицина, химия, оптика және астрономияға қатысты кітаптарды оқыған.
Мәдинадағы Алла Елшісінің мешітінің шатыры болашақта тағы қабаттар қосуға болатындай етіп салынған.
Құранның кейбір аяттары ер мен әйелді теңестіреді. Егер Құранда «ер» деген сөз 24 рет қолданылған болса, «әйел» деген сөзде сонша рет келтірілген.
«Әл-Бақара» сүресі Құрандағы ең ұзын сүре, ал «Әл-Кәусәр» ең қысқа сүре.
Сүт Құранда айтылған ең жақсы сусын, бал (әсел) ең жақсы тағам.
Рамазан айында оқылған бір аяттың сауабы басқа айларда оқылған бүкіл Құранның сауабымен тең.