«ИНШАЛЛА», «МАШАЛЛА» СӨЗДЕРІН ҚАЗАҚША АЙТУҒА БОЛА МА?

  • 35
«ИНШАЛЛА», «МАШАЛЛА» СӨЗДЕРІН ҚАЗАҚША АЙТУҒА БОЛА МА?

«Иншалла» – «Құдай қаласа», «Алла бұйыртса» деген мағынадағы діндар адамның қандай да бір іске болжал айтқанда Аллаға ғибадат етуін білдіретін сөзқолданыс, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Мuftyat.kz-ке сілтеме жасап.

«Сұбханалла» – «Кемшіліксіз Алла», «барлық кемшіліктерден ада Алла» деген мәнде қатты қорқып, таңғалғанда айтылатын сөз.

 

«Машалла» – Алланың қалағаны деген мағынадағы бір іске таң қалғанда немесе жақсы баға бергенде қолданылатын сөз.   

 

Бұл сөздер Алланы дәріптеу, зікір ету болып саналады. Оның артықшылығы әрі қай кезде айтылатындығы туралы Құран мен хадисте баяндалған.

 

Әбу Ләйс әс-Самарқанди былай дейді: «Кім мына жеті сөзді үнемі айтып жүрсе, Алланың және періштелердің құзырында дәрежесі жоғары болады, күнәсі теңіздің көбігіндей болса да Алла оны кешіреді, құлшылықтың ләззатын татады, өмірі мен өлімі жақсылыққа толы болады:

 

Әрбір істі бастағанда «бисмилләні»;

Әр істі аяқтағанда «әлхамду лилләһты»;

Бос сөз айтса немесе азды-көп қателік істеп қойса «Астағфирулла» сөзін;

Ертең бір нәрсе істеуді қаласа «Иншалла» деу;

Жаман бір іске кезіксе «Лә хаула уә лә қууатә иллә билләһил алиил азим» деп айту;

Жақын адамынан немесе мал-мүлкінен айырылғанда «Иннә лилләһи уә иннә иләйһи рожиғун» сөзін айту;

Күндіз-түні «Лә иләһә иллаллоһ» сөзін жиі айтып жүру»[1].

Дегенмен азан шақыру, намаз оқу т.б. шариғатта тек араб тілінде орындалатын құлшылықтан тыс зікір, тәсбих сөздердің мағынасын қазақ немесе басқа тілде айтуға болады. Бірақ арабша айту абзал.

 

Ибн Қудама: «Алла Тағаланы араб тілінен басқа тілде зікір етуге рұқсат. Өйткені негізгі мақсаты – Алланың есімін атау. Ол барлық тілмен жүзеге асады. Бірақ намаздағы тәкбирлерді арабша айту керек»[2], – деген.    

 

Сұбханалла, астапыралла, иншалла тағы басқа сөздер Әбу Бәкір Кердері, Мағжан Жұмабаев, Сәбит Мұқанов, Міржақып Дулатұлы және т.б. ақын-жазушылардың шығармаларында қолданылған. Мысалы:

 

«Той ұшты бұрынғыдан тоғыз қалып,

 

Бәйгіден қорқақ келді, батыр қалып.

 

Ескі сөз сүрегі өткен ант секілді,

 

Азамат законды алды нақыл қалып:

 

Бұл сөзді асып айтсам, сұбханалла!

 

Жарандар, бір шамаға жақындадық (Әбубәкір Кердері, «Қазағым»).

 

 

 

«Оның сөзінен қатты шошынып, үй ішіндегілердің бәрі «астапыралла» деп жағаларын ұстады» (С.Мұқанов, «Өмір мектебі»).

 

Иншалла, халыққа берер үлкен тәһсир,

 

Жерлерде екі талай дауыстарың.

 

Өлсең шаһид, ғазысың тірі болсаң,

 

Қызметке берер ажар құдірет кәрім (М.Дулатұлы, Шығармалары).  

 

 Сондықтан Иншалла, Сұбханалла, Машалла деген сөздерге арабтың ғана тілі емес, бүкіл мұсылманға ортақ құлшылық сөзі деп қараған жөн. Алланы зікір ету сөздерін намаз, азан секілді құлшылықтан тыс арабшасын да, мағынасын басқа тілде де айтуға болады. Алайда құлшылық сөзі болғандықтан арабша айтқан дұрыс.

 

 

 

Бауыржан Әбдуәлі

Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
  • 194
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
  • 243
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Лучшие легальные букмекеры
1xbet
Бонус до 200 000 тенге
Winline
Бесплатная ставка до 20 000 тенге
Tennisi
Бесплатные 5 000 тенге
Fonbet
Бонус до 200 000 тенге
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста