Тәһәжжүд намазын оқу (Алла ризалығын алу ниетімен түннің бір бөлігінде оқылатын қосымша ғибадат ). Пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ хадистердің бірінде: «Расында жәннатта бір бөлме бар. Оның сыртынан ішіндегісін, ішінен сыртындағысын көре алмайсың. (Жәннаттағы сондай керемет мекендердің бірі) Алла ол мекенді сөздерінде жұмсақ болғанға, тамақтандырғанға, көп ораза ұстағанға, адамдар ұйықтап жатқанда түнде намаз оқығандарға уәде еткен».
 
Сүннет намаздарын оқу. (Таң намазының парызының алдындағы 2 рәкағат сүннет, бесін намазының алдындағы 4, парыз намазынан кейінгі 2 рәкағат сүннет намазы, екінтінің алдындағы 4 рәкағат сүннет және ақшам намазының парызынан соң 2 рәкағат намаз бен құптан намазынан кейінгі 2 рәкағат сүннет намазы). 
 
Дүйсенбі және бейсенбі күндері ораза ұстау. Алла елшісі ﷺ осы екі күні ораза ұстаудың ерекшелігін былай түсіндіреді. «Дүйсенбі күні мен бейсенбі күні (апталық)істеген істер Аллаға ұсынылады. Менің істерім Аллаға көтерілерде аузымның берік болғанын ұнатамын» (Тирмизи, Саум &ndash №747 хадис)
 
Жұма күні «Кәһф» сүресін оқу.  "Кімде-кім жұма күні Кәһф сүресін оқыса, келесі жұмаға дейін нұрланады" (Ибн Хаджар, Тәлхис әл-Хабир)
 
Дәрет алғаннан кейін 2 рәкағат намаз оқу. Пайғамбарымыз ﷺ «Кімде-кім дәл мен секілді дәрет алып, ойына ештеңе алмадан 2 рәкәғат намаз оқитын болса, өткен күнәлары кешіріледі», - деген.