Құранда: «Алланы еске алу арқылы жүректерің жай табады», - делінген. (Рағд сүресі, 28 аят). Одан өзгені ойлай берсек, керісінше жүрек мазасызданады.
Сондықтан да, «Алладан басқа тәңір жоқ» (лә иләһә иллалЛаһ), «барлық мақтау бір Аллаға тән (әлхамдулиллаһ)», «Алла - ең ұлық (Аллаһу әкбар)» деген зікірлерді күнде көптеп айтып тұрыңыз.
Одан бөлек, әр намаздан соң: «Я, муқаллибәль қулуб» – Ей, жүректерді құбылтушы Алла! «Сәббит қалби аля диник» – Жүрегімді дініңе берік еткейсін! - деп дұға жасауды да ұмытпаған жөн.