Жалпы алғанда шланг жұту оразаны бұзбайды. Өйткені, оразаны бұзу үшін шланг толығымен ішке кіруі тиіс. Ал, бұл жағдайда шлангтың бір бөлігі сыртта қалады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Мuftyat.kz-ке сілтеме жасап.
Дегенмен, шланг арқылы асқазанға бір нәрсе түссе оразаны бұзады.
Имам Ибн Абидин: «Егер адам ағаш немесе ұшына тамақ байланған жіп жұтса, оның бір ұшы сыртта қалып және заттан іште бір бөлігі қалмаса ораза бұзылмайды. Себебі ораза бұзылуының шарты – іште қалу» [1], – деген.
Осыған орай шлангқа дәрі жағып, жұтқызатын болса, дәрінің кейбір бөліктері іште қалса, оразасы бұзылып, бір күн қазасын өтейді.