«Фатиха» сүресінің аты айтып тұрғандай «Ашушы», яғни «Құранды ашушы» сүре. Жалпы сүренің көптеген атауы бар. Олардың әрбірі өз дәйегімен келеді, ол бөлек әңгіме, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Kazislam.kz-ке сілтеме жасап.
Сонымен «Фатиха» Құранды ашушы сүре және онсыз жалпы парыз, нәпіл, жаназа, Зуха, Таһаджут сияқты т.б. басқа намаздардың оқылмайтыны рас. Яғни «Фатихасыз» намаз болмайды.
Алайда «Фатиха» сүресін тек намазбен шектеу қате. Оның қасиеті туралы тәпсір және хадис жинақтарында да кең орын берілген.
Бұл сүре қайырымды істің басында немесе соңында, түрлі жиындарда, салтанат пен қабір басында және сол сияқты т.б. оқыла береді.
Тіпті көптеген адамдар бұл сүрені дұға қылғанда, бата бергенде де қолданады.
Ғалымдар «Фатиха» сүресіне қатысты арнайы еңбектер жазған. Мысалы, Рағиб әл-Исфаханидің «Тафсиру сүрати Фатихату әл-Китаб», Фахруддин әр-Разидің «Мафатих әл-Улум», Садруддин Қанауидің «Мажаз әл-Баян фи тауил Умм әл-Қуран» және т.б.