Ескі киіміңді осы адамға бер

Киім – Алла Тағаланың адам баласынан өзге ешбір жаратылыс иесіне нәсіп етпеген ерекше сыйы. Құран Кәрімде былай делінеді: «Әй адам баласы! Ұятты жерлеріңді жабу үшін киім және сәндік-бұйым түсірдік. Негізінде тақуалық киімі жақсы. Солар Алланың белгілері. Әрине түсінерсіңдер» («А’раф сүресі», 26-аят).

Ислам тарихына үңілер болсақ, киім кию сөзі Ыдырыс пайғамбардың кезінде ғана кең тарай бастады, өйткені оған дейін адамдар аң терісін жамылған.

Ал ғалам нұры Пайғамбарымыздың (ﷺ) киіміне келер болсақ, Нәби әрдайым қарапайымдылығын сақтап, өзгеден ерекшеленетіндей киінбеді. Сондай қарапайым киімдерінің қатарында: тақия, ұзын жейде, плащ сынды сырт киімдер т.б бар. Алла елшісі (ﷺ) үстіне жаңа киім кигенде де ешқашан тәкаппарланбады. Керісінше оның зиянынан қорқып, былайша Алладан қайырлы етуін сұраған: «Ей, Алла! Саған мақтау- 22 мадақтар болсын! Оны (киімді) маған Сен кигіздің. Мен Сенен оның берекесін тілеймін және қандай жақсылыққа арналса, оның игілігін сұраймын, қандай жаманшылыққа арналса, оның жамандығынан Өзіңе сиынамын». Бізде де осы дұғаны айтып жүрсек артық болмас. Дұғаның оқылуы былайша: «Аллаһуммә ләкәл- хамду әнтә кәсәутәниһи, әс әлукә мин хайриһи уә хайри мә суниъә ләһ, уә әъузу бикә мин шәрриһи уә шәрри мә суниъә ләһ».

Ал ескі киімдерді не істеу керек? Қазіргі таңда киім аустыруға әбден дағдыланып кеткенбіз. Жаңа киім алғаннан кейін, ескі киімдер сөренің артқы жағына қарай ығыса береді. Одан кейін киілмей жылдар бойы сүрленіп тұратын жағдайлар да болады. Ал ол бос тұрған киімдер басқа біреудің пайдасына жарайды ма? Мүмкін екінші бір жанға жылулық сыйлар деп ойлаймыз ба? Екі дүние Cардары(ﷺ) жаңа киімге ие болса, ескісін бірден таратқан. Сондай-ақ олай істеудің қаншалықты қайырлы іс екенін де айтып кеткен: «Кімде-кім жаңа киім алғаннан кейін, келесі дұғаны оқып, өзіндегі ескі кимді мұқтаж мұсылмандарға беретін болса, өмір бойы және қайтыс болғаннан кейін де алған адам шешпейінше, Жаратушы Алла Тағаланың ерекше нығметіне бөленеді».

Пайғамбарымыздың (ﷺ) киім берген кезде айтқан дұғасы:

 

الحمدالحمد للهلله الذيالذي كسانيكساني ماما أواريأواري بهبه عورتيعورتي واتجمّلواتجمّل بهبه فيفي حياتيحياتي

«Әлхамдулилляхи ләзи кәссани мә увари бихи аурати уә әтәджаммалю бихи фи хайати».

Егер алған адам сол киіммен намаз оқып, қайырлы іс жасаса, оның сауабы еселене түспек.

ihsan.kz
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста