Еске сақтау қайтсе жақсарады?

Қазіргілердің дені тым ұсақталып бара жатқандай көрінеді. Әлгінде ғана оқығанын аз уақыттан соң-ақ ұмытып, есте сақтау қабілетінің едәуір нашарлағанын жасырмайды. Оған өз арамыздағы көп адамдардың «қазір оқығанымызды қазір ұмытып барамыз», «зейін қалмады ғой бізде түге», «есте сақтаудың құрығалы қашан», «бұрынғыларға жету қайда қалды» дейтін сауалдардың төңірегінде шырмалып, жауабын таппай жатқанын қосыңыз. Сонымен, Еске сақтау қайтсе жақсарады? Немесе есте сақтау қабілеті неден нашарлайды? деген сауалдарға жауап іздеп көрейікші.
Бұған дініміздің бір-ақ, һәм анық жауабы бар сияқты. Күнә істерден мейлінше қашып, одан сақтануға тырысу керек. Осы тарапта имам Шафиғидің өмірі мысал бола алады. Бірде имам Шафиғидің көзі бөтен бір әйелдің жалаңаш тобығына түсіп кетеді. Осыдан кейін есте сақтау қабілеті біршама нашарлап кетеді. Бұрын бір беттік мәтінді бір қарағаннан-ақ оқығанын көңіліне тоқып, жаттап алатын болса, әлгі жағдайдан кейін мәтінді жаттау үшін бір оқығанын бірнеше қайталауға мәжбүр болады. Бұл жағдайын өзінің ұстазына айтып, мұңын шағады. Ұстазы оған күнәлі істерден аулақ болуға кеңес береді.

Өз кезегінде есте сақтауды жақсартуға байланысты мына хадисті келтіруге болады. Абдулла ибн Аббастан (р.а.) жеткен хадисте былай айтылады: «Бірде Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.) бірге отырғанымызда Әли (р.а.) келді де:

– Әке-шешем сенің жолыңда құрбан болсын, уа, Алланың елшісі! Кейінгі кезде Құран сүрелері мен аяттары есімнен тез шығып кететін болыпты. Жаттай алмай жүрмін, – дейді.

Сонда Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.) оған былай дейді:

– Уа, Хасанның әкесі, есте сақтау қабілетіңді арттыратын сөздерді үйретейін бе? Өзің үйреніп алған соң өзгелерге де үйретерсің.

– Үйретіңізші, Уа Алланың елшісі, – дейді Әли (р.а.).

– Жұмаға қараған түні, шамаң келсе, түннің үштен бір бөлігінің соңғысында тұр. Бұл Алланың барлық құлдарының дұғасын қабыл қылатын және береке нәсіп ететін уақыт. Жақып (р.а.) Пайғамбар балаларына: «Мен күнәларыңның кешірілуі үшін Аллаға кейінірек дұға қылайын», – деп, жұмаға қараған түнді ишарат еткен. Егер бұл уақытта тұра алмасаң, түннің ортасында тұр. Оған шамаң келмесе, түннің алғашқы бөлігінде тұрып, төрт рәкағат намаз оқы. Бірінше рәкағатта «Фатихадан» кейін «Ясин» сүресін оқы. Ал екіншісінде «Дұхан» сүресін оқы. Үшіншісінде – «Сәжде», төртіншісінде – «Мүлік» сүресін оқы. Екі жаққа сәлем бергеннен соң Алланы мадақтап, Мұхаммед Пайғамбарға және өзге пайғамбарларға салауат айт. Содан соң, барлық мұсылманның және арамыздан кеткен діндес бауырларыңның күнәсінә жарылқау тіле. Соңынан мына дұғаны оқы:

«Аллаһумма бадиъа-ссамауати уал ардый зәл жәләли уәл икрами уәл ъиззәтиль ләти лә тураму әс әлукә. Йә, Аллаһу, йә рахмәну бижәләликә уә нури уәджһикә ән тулзима қалби хифза китәбикә кәмә ъәлләмтәни. Уәрзуқни ән әтлуаһу ъала- ннахуиль-ләзи йурдыйк ғанниә Аллаһуммә бадиъа-ссамауати уәл ардый зәл жалали уәл икрами уәл ъиззатиль ләти лә тураму. Асалука. Йа, Аллаһу, йа рахмәну бижәләликә уә нури уәджһикә ән тунаууира бикитабикә бәсари уа ан тутлиқа биһи лисани. Уа ан туфаррижа биһи ъан қальби. Уа ан ташраха бихи садри. Уа ан тусиля биһи бадани, фә иннәһу лә йуъинуни ъәләл хаққии ғайрука уә лә йуътиһи илла анта. Уә лә хәулә уәлә қуәтә иллә биллаһи ъалйил ъазыим».

– Уа, Хасанның әкесі, мұны үш, бес немесе жеті жұма бойы қайтала. Алланың қалауымен нәтижесіне көресің. Мені хақ дінмен жіберген Алланың атымен ант етейін, бірде-бір мүміннің осы дұғасы қабыл болмай қалған кезі жоқ».

«Әли бес әлде жеті түн өтпей жатып, арамызға тағы келді, – деді Абдулла ибн Аббас (р.а.). – Келді де:

– Уа, Алланың елшісі (с.а.с.), бұрын мен Құранның төрт аятынан артық есте сақтай алмайтын едім. Қанша жаттасам да, есімде қалмайтын. Ал қазір күніне 40 аяттан жаттап алатын болдым. Жаттаған Құран аяттарын оқи бастасам Алланың Кітабы көз алдымнан өтіп жатқандай болады. Бұрын қандай да бір сөзді не хадисті тыңдап, кейін еске түсірейін десем, ойымда түк қалмайтын еді. Қазір естігендерімнің әрбір әрпіне дейін жаттап алатын болдым, – деді.

Сонда Алла Елшісі (с.а.с.) тұрып:

– Қағбаның Иесімен ант етейін, сен мүмін болдың, уа, Хасанның әкесі! – деді.

 mazhab.kz/kk/maqalalar/qulshylyq/eske-saqtau-qaitse-jaqsarady-1080/

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста