Ертеңнен бастап Сауд Арабиясы шет мемлекеттерден кіші қажылық жасауға қатысты өтініш қабылдай бастайды. Бұл туралы Корольдіктің баспа агенттігі хабарлады.
Үкіметтік ақпарат агенттігінің мәлімдемесіне сәйкес, Ұмраға бару үшін азаматтар міндетті түрде коронавирусқа қарсы вакцина алғанын растайтын сертификат ұсынуға тиіс. Сонымен қатар сақтық шараларын қатаң сақтауы керек.
Естеріңізге сала кетейік, Сауд Арабиясы бұған дейін коронавирустың таралуына байланысты Ұмра қажылығына келетіндердің елге кіруіне тыйым салған болатын.