Ел арасында: «дуалап қойыпты», «көз тиген екен», «күйеуін сиқырлап тастапты» дегенді естіп жатамыз. Біреудің күйеуіне екіншісі тиіп, тіпті, кейбіреудің анасы, енесі, әпке-сіңлілері араласып, тәуіп жағалап, бірін-бірі азғырып жүрген адамдар көбейе бастады. Кейбіреулер үйінен ине, жастығының астынан тырнақ, жіппен оралған қуыршақ тауып алдық деп жатады. Расында, сиқырлау, дуа деген нәрсе бар ма? Оны кімдер жасайды?
Көз тию, сиқыр, дуа деген нәрсе болған, оны жасаушылар қазір де бар.
Оны өзгелердің бақытын көре алмайтын, соларға жамандық ойлайтын немесе табысқа оңай жете салғысы келетін Жаратушы Алласын ұмытқан теріс пиғылды күнәһар, Құдайдан безген адамдар жасатады немесе жасайды.
Сиқырлаудың ең көп тараған түрі – жұбайларды бір-бірінен суытатын, жек көруге апарып, айырылыстыру. Бұндай сиқырдан емделу үшін «Аятүл-күрси», «Ықылас», «Фәләқ», «Нәс» сүрелерін оқыған дұрыс.
Дуадан емделу үшін не істеу керек?
1. Ең алдымен намазға мұқият болу керек. Өйткені намаз – мұсылманның қорғаны.
2. Күн сайын дұға жасау. Таңертең жасалған дұға кешке дейін бәле-жала, кесір-кесапаттан сақтайды. Ол дұғаларды мына жерден таба аласыз.
3. Жүйелі қарғыс жүйесін, жүйесіз қарғыс иесін табатынын ұмытпау керек.
4. Тәуіп, балгер, сиқыршыларға емес, Аллаға сыйынып, көмек тілеу керек.
5. Отбасында мұсылманша өмір сүру дәстүрін қалыптастыруға тырысқан жөн.
6. Әйел мен еркек Алла алдындағы өз міндеттерін дұрыс атқаруы тиіс.
Пайғамбардың (с.ғ.с) хадистерінде сиқырланған, дуаланған, көз тиген адамды емдеу жайлы амалдар бар. Ол үшін ауырған адамға: «Азхибиль ба-с раббинас, ишфи әнтәш Шафи лә шифа иллә шифә-ук, шифә-ән лә юғадиру сақама. Я, Алла! Раббым! Жамандықты кетір, Сен шипа берушісің, шипа бере гөр, Сенің шипаңнан басқа ауруды қалдырмайтын шипа жоқ», - деп дем салады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) осы дұғаны айтып өзінің сахабаларына дем салған.
Одан кейін ауырған адамға: «Би-сми-Лляхи, аркы-кя мин кулли шай’ин йу’зикя, ва мин кулли нафси (ау’айни) хасидин! Аллаху йашфи-кя, би-сми-Лляхи аркы-кя. Барлық қызғаншақ көзден немесе нәпсіден және саған барша зиян келтіруші нәрседен Алланың атымен дем саламын. Алла саған шипа береді, Алланың атымен саған дем саламын», - дейді. Осы дұғамен Жәбірейіл періште Пайғамбарымызға (с.ғ.с) дем салған.