ЕРКЕКТЕРГЕ ҰҚСАП КИІНГЕН ӘЙЕЛДЕР ЖАЙЛЫ ШАРИҒАТ НЕ ДЕЙДІ?

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алла Тағаланың атымен бастаймын! Барлық мақтаулар мен мадақтаулар әлемдерді жоқтан бар еткен Аллаға ғана тән! Алланың игілігі мен сәлемі ақырзаман пайғамбары Мұхаммед Мұстафаға (с.а.с.) болсын!

 

Сөзіміздің басын сәл арыдан бастасақ дейміз. «Еркектер мен әйел адамдар тең болуы керек. Әйелдердің құқығы тапталып жатыр» - деп ұрандатушылар, яғни «гендерлік» саясатты ту етіп ұстаушылар жайында бірер сөз қозғап көрсек. Бұл көзқарасты ұстанушылар ер адам мен әйел адамның арасында ешқандай айырмашылық жоқ, екеуі бірдей сондықтан әйел, еркек деп бөлу әйелдердің құқығын бұзу деп түсіндіргісі келеді. Әлбетте, бұл өте қате түсінік. Ең әуелі айтарымыз, егер ер мен әйел арасында айырмашылық болмағанда, Алла Тағала барлық адамды тек қана әйел немесе тек ерлер қылып жаратар еді. Ал бүгінгі күні көзі ашық көкірегі ояу кез келген ақыл иесіне мәлім бірнеше ғана ақиқатты айтып кетсек бұл сөзіміздің дұрыстығына жеткілікті шығар деп ойлаймыз. Әйел адамдардың ғана қолынан келетін жүкті болу, дүниеге бала әкелу немесе сол баланы өз омырауынан шыққан сүтпен қоректендіру, тағы да сол сияқты ерекшеліктерді бәріміз күнделікті өмірден көріп отырмыз. Бұл істердің бірде біреуін ер адамдар жасай алмайды. Өйткені, Алла Тағала бұндай қасиетті әйелдерге ғана берген. Дәл сол сияқты ер адамдар ғана атқаратын кейбір істер бар. Оны ешқашан әйел адам жасай алмайды. Мінекей, ер мен әйелдер барлық жағынан тең болу керек дейтіндер осы жаратылыстағы ерекшеліктерді ешқашан теңестіре алмақ емес.

 

Бұл саясат орта ғасырда батыс қоғамында Адам атаға тыйым салынған жемісті жегізген, сөйтіп оның пейіштен қуылуына себеп болған Хауа ана деп және де жер бетіндегі барлық күналарға себеп болушы әйел адамдар деп кемсітуіне, олардың құқығын аяқ асты етуіне қарсы ұйымдастырылған қозғалыстардан келіп шыққан болатын. Алайда екі жынысты толықтай бірдей қыламыз деген – Алланың жаратылысына қарсы шығу болып табылады. Және де ешқашан да бұл мақсаттарына жете алмайды. Ер адам қанша тырысса да ана бола алмайтыны секілді, әйел адам да әке бола алмайтыны анық.

 

     Ендігі кезекте тікелей әңгімемізге арқау болып отырған тақырыпқа көшсек. Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.) өзінің хадисінде: «(Сөйлегенде, жүріс-тұрыста, киім киісте) әйелдерге ұқсауға тырысқан ерлер мен ерлерге ұқсағысы келген әйелдерге лағынет айтты» деген. Басқа бір риуаятта Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Алла берген табиғи болмысына разылық танытпай, сөзі мен іс-қимылында) өздерін әйелдерге ұқсатқан еркектер мен өздерін еркектерге ұқсатқан әйелдерге лағынет айтты», - деген. Әйел, әйел боп жаратылғаннан кейін өзінің нәзіктігін, төзімділігін сақтағаны дұрыс болады. Ер адамға ұқсаймын деп әдейі өз табиғатын өзгертуі Алланың жаратуына қарсылық таныту болса, ол өз кезегінде тәкәппарлық болып табылады. Әйелдің еркекке, еркектің әйелге ұқсауы негізінен киімнен көрінеді. Хадисте: «... Әйел секілді киінген еркекке, еркек секілді киінген әйелге» - деп Алланың елшісі (с.а.с.) киім киудің жәй бір нәрсе емес екенін, бәлкім оның өте маңызды орнының бар екенін көрсетіп отыр. Осы жерде еліктеушілік деген бір қасиеттің бар екенін айтқымыз келеді. Жақсыға еліктеу арқылы жақсы қасиеттерге ие болу мүмкіндігі болғаны сияқты, жаманға еліктеу арқылы жаман қасиеттерге ие болуымыз да бек мүмкін.

 

Бүгінгі күннің үлкен дертіне айналып отырған да сол батыстың жат қылықтарына еліктеп, өзіміздің ата-бабамыздан келе жатқан жақсы қасиеттерімізден айырылып жатқандығымыз. Әйел адамдардың жамылғысын жамылып жүруін ескінің сарқыты, мәдениетсіздік, өрениет көшінен қалып қою деп түсіну.  Керісінше, олардың жалаңаштануын, еркектерге ұқсап киініуін тіпті еркектердің әйел сияқты болуын өркениет жетістігі ретінде насихаттап, ұлттық болмысымыздан айырылуымызға және ең сорақысы Алланың әміріне қарсы болуымызға әкеліп соғып жатқаны ащы да болса шындық. Осы жерде Құран Кәрімде лағынеті Ібілістің Жаратушы иемізге берген антын оқып көрейік: «Ант етемін! Оларды тура жолдан тайдырамын, Һәм оларды қол жетпес нәрсеге ұмтылдырып, жеткізбейтін желік үмітпен алдаймын. Сондай-ақ, олар менің бұйыруыммен (пұттарға арнап құрбан шалу үшін өздеріне харам еткен) малдардың құлағына кесіп ен салатын әрі Алланың жаратқанын өзгертетін болады». Мінекей, қарап отырсақ, адамдардың өздерін өзгертуі лағынетінің соңынан еруі болып табылады екен. Алла сақтасын біз дүниеде кімге ерсек, ақыретте сонымен бірге болмаймыз ба? Әлгі аяттың соңында Алла Тағала былай деп айтады екен: «Ендеше, кімде-кім Алланың орнына шайтанды дос тұтса, анық зиянға ұшырағаны».

 

     Сөзіміздің соңында кім еркек болып жаратылса өз жаратылысына разы болуы, әйелдің де өз жаратылысына разы болуы Аллаға шүкірлігі. Ер мен әйелдің теңдігі киім киюде емес екені де белгілі. Батыр ұлдар мен ибалы қыздарды дүниеге әкеліп тәрбиелеп өсіретін де әр қайсысы өз орнында болған ата мен ана демекпіз.

 

Әйел алсаң, қарап ал ақылдысын,                                                                                        

Сол болар басқалардан жақын кісің.  

Ағайынға, туысқа қайырылса,                                                                   

Дүниеде нағыз сол ғой мақұл кісің.                                                              

 

Ерге – аю, балаға – қасқыр болса,

Ондай қатын алғанның күні құрсын

– деп Тілеуке Құлекеұлы ақын бабамыз айтқандай «жақсы әйел босағадағы ердің басын төрге сүйрейді, жаман әйел төрдегі ердің басын көрге сүйрейді». Әйел мен еркектің өз табиғатын сақтауы қоғамның мықты болуының кепілі деп айтсақ болады.

 

 

Ғалымжан ҚОНАҚБАЕВ

mazhab.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста