...Ең қауіптісі дін экспансиясы

Бізде қазір жан-жақтан экспансия жүріп жатыр. Саяси, экономикалық, мәдени және діни экспансия. Мұның ішінде ең қауіптісі дін экспансиясы. Бұл туралы филология ғылымдарының кандидаты, жазушы Ерболат Баятұлы дін мәселесіне арналған конференцияда айтты, деп хабарлайды Arasha.kz тілшісі.

Жазушының айтуынша, ұлттық сананы, идеяны қалыптастыра алмай және ол мемлекеттік сипат алмай біз көп нәрсені тыңдыра алмаймыз.

«Ұлттық идеяның арғы жағында ұлттық рухани құндылықтар жатыр. Ол әр қазақтың жүрегіне қуаныш, мақтаныш сезімін сыйлау керек және ұлттық мінезді қалыптастыру қажет. Ұлттық тәлім мен тәрбие, салт пен сана, дәстүр мен ғұрыптың барлығын қайтадан жаңғыртсақ, ғылыми айналымға түсірсек, яғни балабақшадан бастап осылардың бәрін бір жүйеге келтірсек, өзіміздің ұлттық сипатымызды сақтап қаламыз деген ойдамын»,-дейді ол.

Сонымен қатар, ол қазіргі уақытта түрлі діни ағымдар көбейіп кеткенін, Иегова куәгерлерін айтпағанның өзінде, қасиетті дініміз Исламның өзін бұрмалап әкеп тықпалап жатқанын айтты.

«Ата-бабамыздан келе жатқан салт-дәстүрді, ұғым мен түсініктің барлығын жоққа шығарып, радикалды Исламның ой-пікірімен бізді қазір ұлап жатыр. Мешіттер көптеп ашылып жатыр, бір Астанамыздың өзінде қаншама мешіт салынды. Осы мешітке барып жатқандардың бәрі жастар деп қуанамыз, алайда оларға қандай уағыздар айтылып жатыр, жастардың санасына не құйып жатыр деген мәселені әлі ешкім толығымен бағамдап жатқан жоқ. Былтыр салафизм, уахабизмге қарсы заң шықты деді, бірақ оның орындалып жатқанын көріп отырған жоқпыз»,-дейді ол.

Оның айтуынша, теріс діни ағымдар біздің бойымыздағы ата-бабамыздан келе жатқан түркілік, қазақи қасиеттің барлығын жоққа шығаруда.

«Олар Исламның діни тар, орта ғасырлық көзқарасымен қарауға бізді үйретіп отыр. Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасы бар бізде, ол үлкен ықпалды ұйым. Өткенде қыздардың маникюр, педикюрын харам деп пәтуа шығарды дейді. Шынымды айтсам, Діни басқармаға тек осымен айналысу ғана керек болды ма? Бұдан да маңызды шаруа көп қой. Жастардың санасының ұланып жатқанына мән беру керек. Бізде тек қана құдаймен қорқыту, Аллаға сенбеудің аржағында өліммен қорқыту, өмірдің жарқын жазира дүниесін ұмыттыру, адамның жасампаздық қабілетін, интелектуалын елемеу жатады. Ұлтыңды сүю, ата-анаңды қадірлеу, жалпы елдің тәуелсіздігін мойындау, оған қызмет ету деген дүние жоқ. Сен Алла үшін келдің, соның алдында кетесің деген тар ұғымдарды жас ұрпағымыздың санасына сіңіріп жатыр»,-дейді ол.

Сөз арасында ол ата-аналар мешітке баратын балаларын әрдайым бақылып, қандай уағыздар тыңдап жүргенінен хабардар болуға шақырды. Сондай-ақ, конференцияға жиналған жастарға әрдайым ілім мен білім жолын таңдау қажеттігін жеткізді.

«Ғылымды, білімді үйрен қайдан болса да» деген Мухаммед пайғабардың хадисі бар дейді. Ммына 21 ғасыр зияткерлік заманы, біз тек біліммен және ұлттық мінезбен өзімізді сақтай аламыз. Мен үшін сіздердің мұсылман болғандарыңыздан гөрі, қазақ болып қалғандарыңыз маңызды»,-деді жазушы.

«Тарихтан тағылым: ұлттық дәстүр және дін мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің ұйымдастыруымен өтті. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста