Елімізде «ифтар», «машалла» сынды сөздер енді айтылмауы мүмкін

Елімізде «ифтар», «машалла» сынды араб сөздеріне тыйым салынуы мүмкін. Қызметіне жаңадан кірісіп жатқан Дін істері министрі кірме сөздерге ауқымды күрес жариялады. Нұрлан Ермекбаев тіпті тұрғындарға аталған терминдерді мүлдем қолданбауға кеңес берді.

Нұрлан Ермекбаев, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі:

-Бүгінде жекелеген азаматтар өзіміздің тілімізде орныққан сөздердің орнына кірме сөздерді пайдаланатынына таңғаламыз. Мысал үшін, біздің ана тіліміздегі байырғы ауыз ашардың орнына ифтар, ал «Құдай қаласаның» орнынан «машалла» деп айтудың ешқандай қажеті жоқ, қисынсыз деп ойлаймыз.

Ермекбаевтың ойынша, соңғы кезде сәнге айналған «ифтар» мен «машалла» сөздері құлаққа ерсі естіледі. Дін істері министрі, арабтарға еліктегенше, салт-дәстүр мен ұлттық мәдениетімізді берік ұстану арқылы жат ағымдарға қарсы күресейік деп отыр. Ермекбаев сәләфизмге де түбегейлі қарсы екен. Дегенмен, елімізде бұл жат ағымның мүшелері күн санап азайып келеді дейді министр. Жалпы, Қазақстанда 23 террористік және экстремистік ұйымға тыйым салынғанын айта кетейік.

ktk.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста