Электронды жайнамаз жасады

Электронды жайнамаз жасады

Заманның ағымына сай қазір кез келген дүние электронды түрде жасалып шығарылуда. Компьютер, ұялы телефонды былай қойғанның өзінде, намаз оқуға арналған жайнамаз да электронды түрде шығарылып жатыр. Енді намазда оқылатын сүрелер мен айтылатын дұғаларды жаттау қиын дейтін мұсылман бауырламыз осы жайнамазды алып, қолданса болады. Мұндай ерекше дүниені алматылық Алханбай Сатыбалдыұлы (суретте) ойлап тауыпты.
Бұл жайнамаздың ұзындығы 140 сантиметрді құрайды. Қазақтың ұлттық ою-өрнегімен кестеленген. Жоғары жағына төртбұрышты чип орнатылған. Оған 10 сүре мен намаз оқығанда айтылатын дұға-тілектер енгізілген. Кәдімгі «батарейкамен» жұмыс істейді. Құлаққаппен де тыңдауға болады.
«Бұл жайнамаз арқылы намазды шариғатқа сай толымды орындауға болады, – дейді Алханбай Сатыбалдыұлы. – Яғни намаз оқушы сәждеге жығылып, рукуғқа тұрғандағы барлық қимылын қалыптасқан үлгіге сай жасай алады. Бұл - әсіресе намаз оқуды енді бастаған, әлі сүрелерді толық жаттап үлгермеген немесе сүрелерді жаттауға мүмкіндігі жоқ қарт кісілерге таптырмас дүние. Өзім бес уақыт намаз оқитындықтан мешіттерде жасы егде тартқан кісілерден араб тіліндегі сүрелерді жаттау қиынға соғатынын жиі еститінмін. Содан осындай жайнамаз жасап шығаруды ойладым».
Мұндай жайнамаздың әзірге 13 мың данасы сатылымға шығыпты. Оған орнатылатын құрылғының біраз бөлігі Қытайда, қалғаны Таиландта жасап шығарылған. Автор жобасын іске асыру үшін екі жыл уақытын жұмсаған көрінеді.
Бұл жайнамазды еліміздің бас мүфтиі Ержан қажы Маямеровтың өзі сынақтан өткізіп, дінтанушылармен бірлесе сараптап, мақұлдапты. Ол жайнамаздың электронды нұсқасы дінімізге қайшы дүние еместігін аңғартса керек.
«Өкінішке қарай, адамдар әлі мұндай жайнамазға аса мән бермей жатыр. Одан гөрі жалған дүниенің жылтыраған заттары өтімдірек пе деп қаламын кейде. Себебі әлі еш жерде жұмыс істемейтін жап-жас қыз-жігіттеріміз 100-150 мың теңгенің телефонын ұстауға құмар да, Алланың алдындағы парызын орындауға арналған жайнамаз сынды заттарды сатып алғанда құлықсыздық танытады. Ендігі бар күш-жігерімді осы жайнамазды жарнамалауға жұмсап жатырмын. Мұндай зат Ислам діні кең таралған ешбір елде жасалмаған. 4500 теңгеден саудалануда. Ал оны он данадан көп алған адамдарға айтарлықтай жеңілдіктер қарастырылған», – дейді Алханбай Сатыбалдыұлы.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста