Дұғаңыз қабыл болсын десеңіз...
- Түннің соңғы бөлігінде;
- Азан айтылғанда;
- Бес уақыт намаз соңында;
- Жұма күні имам мінберге шыққан соң сол күн аяқталғанға дейін;
- Екінті намазы аяқталғанға дейін;
Міне, осы уақыттарда шынайы ықыласпен, жүрегіңізбен дұға етіп төмендегі шарттарға сай амал етсеңіз Алла қаласа қабыл болары сөзсіз.
Олар мынадай шарттар:
1) Дұға етуші жүзін құбылаға қаратуы тиіс;
2) Дәретті болуы абзал;
3) Екі қолын жоғары көтеріп өзінің әлсіз екенін білдіру (немқұрайлы дұға етпеу)
4) Дұғасын Алла Тағаланы мадақтап, дәріптеп бастау (Көркем есімдерімен);
5) Пайғамбарымызға салауат айту;
6) Қажетін сұрағанда күнәлардан жалбарынып жарылқау тілеу;
7) Алла Тағаладан қажетін сұрағанда үміт пен үрей арасында тілеу;
8) Алланың көркем сипаттары арқылы сұрау (мысалы: "Уа, Раззақ (Ризықтандырушы) маған адал ризық-несібе нәсіп ете гөр!")
9) Дұға жасаған соң шама жеткенше қандай да бір жақсылық жасау;
Осылай жасалған дұға күмәнсіз қабыл болады. Әсіресе, Пайғамбардың дұғаларымен сәйкес келсе немесе Алла Тағаланың Ұлы Есімімен тіленген болса қабыл болады.
Алла Тағала баршамыздың тілеген дұға-тілектерімізді қабыл етіп, Өзінің сүйікті пенделерінен еткей!
Әумин!