Дұға жасайтын кезде екі қолды көтеру, дұғаның соңынан бет сипау – мұстахаб. Оған мына төмендегі хадистер дәлел:
Тирмизи риуаят еткен «сахих» хадисте хазірет Омар (р.а.) былай деді:
«Дұға етерде Пайғамбарымыз қолдарын көтерер болса, ол екеуін бет сипамай түсірмейтін».
Мұхаддис Хаким өзінің «Мұстадрак» атты Бұхари мен Мүслімнің хадис қабылдау талаптарына сай жинақтаған хадис кітабында Ибн Аббастан мына хадисті риуаят етті. Ибн Аббас былай деді:
«Пайғамбарымыз (с.а.у.): Алла тағаладан тілеген кезде алақан жайып тілеңдер, қолдарыңның сыртымен сұрамаңдар. (алақан жайғанда) бет сипаңдар!», – деді
Хадисші Хакимнің «әл-Мүстадрак» атты хадис жинағында келтірілген тағы бір хадисте Әзірет Омар былай дейді:
«Шындығында, Пайғамбарымыз (с.а.у.) дұға ету үшін қолын көтеретін болса, екі алақанымен бетін сипамайынша, (көтерген қолын) түсірмейтін».
Абдусамат Қасым