Дінтанушы ес-түссіз ғашық болып, Сирияға кеткен алматылық арудың хикаясын баяндады

Дінтанушы-журналист Айша Кеңесбай Сириядан елге оралған алматылық келіншектің қалайша соғыс алаңына тап болғанын баяндады. Оның сөзінше, "Қазақстан азаматтарын алып кетеді" дегенді естігенде әйел адам үш баласын жетектеп, ойланбастан алға ұмтылған деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматылық 24 жастағы дүнген қызы 2-3 жасында ата-анасы ажырасып, ол анасының тәрбиесінде болып, білім алады.

Анасы еуропалық мұсылман азаматына тұрмысқа шығып, бойжеткен жоғары сыныпты Еуропаның дамыған елдеріндегі колледждерде жалғастырады. Бірнеше тіл меңгеріп те үлгереді. Алайда еуропалық өмір салтынан ол қоғамға етене араласа алмай, ғаламторға жиі телмірген.

"Жастар жиі отыратын әлеуметтік желілерден бір діни топқа кіріп, аят-хадистер оқып, сол топта дағыстандық шешен жігітімен танысып, жақын сөйлесе бастайды. Жергілікті мешітке барып, намаз үйреніп, хиджап киіп, бас-аяғы екі айда "виртуалды ғашығы" оған тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаған.
Жылы сөзді үйіп-төккен шешен жігітіне ес-түссіз ғашық болған талдырмаш келген дүнген қыз ешкімге айтпастан ұшаққа билет алып, Сириядан бір-ақ шығады", - деп баяндады журналист.
Айша Кеңесбай некелесіп, "бақытты" отбасылық ғұмыр сүре бастаған келіншек Шам өлкесіндегі жойқын соғысқа, еш нәрсеге аса мән де бермегенін айтады.

"Ол күйеуінің жанында болғанын қалағаны сонша, "ғашығының" кезекті жарылыста аяғынан айрылғанына қуанғанын жасырмады.
"Қанша рет "елге оралайық" десем де, ол жай фантастикалық әңгіме болып қала берді. Себебі күйеуім Ресей азаматы болғандықтан, оның алдында не күтіп тұрғанын ойлаудың өзі қорқынышты еді. Сондықтан халифат берген азын-аулақ ақшамен күн көре бердік" деген ол, осы жыл басында кезекті жарылыс кезінде көз жұмған күйеуін есіне алып егіле берді", - дейді дінтанушы.
Әйел адамның сөзінше, 5 жыл отасқан жұбайының адамгершілігі мол болғанымен, діни сауатсыздықтың салдырынан арандап қалған. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста