Соңғы жылдары әлемнің әр түкпірінде, әсіресе, батыс елдерінде, сондай-ақ, ішінара оңтүстік-шығыс азия елдерінде етек алған исламофобиялық құбылыс уақыт өткен сайын түрленіп барады.
Мұсылманды, исламды қаралап көрсетуде алдына жан салмайтын, отқа май құятын батыстағы ақпарат құралдары мұсылмандарды жеккөрінішті етіп көрсетудің басқа тәсілін тауып алған. Ол - ислам қабылдап, артынан діннен шыққан жалған мұсылмандар жобасы.
Көзі қарақты адам сенбейтін жобаның шикілігі назар аударуға тұрмайтын сауатсыз жоба көрінгенімен, қауіпті тұсы - аталмыш жобаның ислам туралы түсінігі таяз аудиторияға бағытталғанын байқауға болады.
Ағылшын тілінде хабар тарататын бұқаралық ақпарат құралдарында кейінгі кезде діннен шыққан жалған мұсылмандарды сайратып қою және исламофобтардың бұл тәсілге жиі жүгінуі жандалбасалап, тал қармағанның әрекетін еске салады.
Алайда, "тама берсе тамшы да тасты теседі" деген мақалды ұран етіп алғандар кейін бұл тәсілдерінің өз нәтижесін беретініне сенеді. Мұсылманда жағымсыз жағынан көрсету оңбаған насихат құралына айналып отыр.
Осынау әлеуметтік жат құбылысқа басқа қырынан қараған америкалық мұсылман актриса әлеуметтік желіде ағылшын тілді БАҚ-тың "бұрынғы мұсылмандардан" жиі сұхбат алатын әдетін сынға алып, оның астарына үңіліпті. Мариям Субх "мұндай мұсылмандар" исламфобтардың ақшаға жалданған персоны екенін мәлімдеді.
Бұл жайында Patheos ақпарат көзі хабар таратты.