Діни тұлға тапшы ма?

Діни тұлға тапшы ма?

Жастардың Исламды дұрыс түсінбей жүруінің негізгі себептерінің бірі – діни тұлғаның жоқтығы деп ойлаймын. Нақтырақ айтқанда, жастар бұрынғы және қазіргі діни тұлғалармен және олардың еңбектерімен етене таныс емес. Оған, мүмкін, қазақ ғұламаларының қажетті деңгейде насихатталмай жатқаны себеп болар. Абай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп... Міне, осымен жастар білетін қазақ ғалымдарының тізімі бітті. Бұл мәселенің екі жағы бар сияқты. Әуелі – бүгінгі діни ағартушы мамандар қазақ елінің Ислам ғұламалары өмірбаяны мен еңбектерін зерттеу нысанасына алуы, бұл кезек күттірмес мәселе. Екінші жағы, мектеп қабырғасынан бастап, барлық білім ордаларының оқу бағдарламаларына енгізу. Бұл қазақ тілі мен салт дәстүрінің һәм руханиятының нығаюына орасан үлес қосар еді. Жастардың ортақ идеологиясының іргетасын қалыптастырудың бірден бір тиімді жолы осы болар.

Тарихқа үңілер болсақ, талай-талай        мықты тұлғаларға тап боларымыз сөзсіз. Олардың шығармаларын оқи келе тіптен таңырқай түсесіз. Қазақ ғұламалары Исламды жұртқа түсінікті тілде әрі санаға тез сіңетін тәсілмен жеткізген. Мәселен, Шал ақын:
Нәпсің бір көкжал бөрідей,
Иманың бағлан қозыдай,
Егер тию салмасаң,
Иманыңды жеп кетер
, – деп Құран Кәрімдегі: «Құмарлықтарын өзіне құдай етіп алданды, көрдің бе?...[1]» және «Мен өз нәпсімді ақтамаймын. Адам жаны – жамандыққа бұйырушы...[2]», – деген аяттарды қазақтың тұрмыс-салтымен сабақтастырып түсіндіруде. Ал, Алла Тағалаға иман жайлы:
Жарлығы екі болмас Хақ құдайым,
Жанында серігі жоқ, дақ құдайым, – деп Жаратушының әмірі өзгермейтіндігін, оған қоса Ықылас сүресінде айтылған иман жайлы аяттарды жеңіл жолмен жеткізеді.
Құран Кәрімдегі: «... Мерзімдері келген кезде, олар оны бір сәт артқа да кешеуілдетіп, не алға да ілгерілете алмайды [3]», – ажал жайлы аяттарды
Өлімнен құтылмассың қашсаң-дағы,
Атадан арыстан туып ассаң-дағы,
Алланың шынымен жарлық келсе,
Жұлдыз да жерге түсер аспандағы,
– деп насихаттайды.
Жоғарыдағы өлең жолдары Абдулла бин Масғұд (р.а.) риуаят еткен: «Сендер ана құрсағында қырық күнде қалыптасасыңдар. Түйір қан, сосын тістем ет. Мұнан кейін Алла бір періштені жібереді де оған төрт істі тапсырады: ризық-несібесі, ажалы, бақытсыз және бақытты екені тағдырына жазылады[4]», – деген хадистің шархы тәрізді.
Әбу Һурайра (р.а.) риуаят еткен, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Иман жетпіс бірнеше тармақ. Оның ең абзалы лә иләһә иллә Алла, ең төмені жолда жатқан кедергіні алып тастап. Ұят – иманның бір тармағы[5]», – деген хадисін Қаблиса жырау:
Ұяттың иман қабы дер,
Имандыда ұят бар,
– деп жырлайды.
Адамзатпен бірге, күллі жаратылыс атауы Алла Тағаланы ұлықтап, дәріптейді. Жер жорғалап жүрген құмырсқа, судағы балық бәрі, бәрі. Құран Кәрімде: «Жеті аспан мен жер және онда болғандар Оны пәк деп дәріптейді. Оны мақтап, пәк деп дәріптемейтін ешбір нәрсе жоқ. Бірақ сендер олардың дәріптеуін түсінбейсіңдер...[6]», – деген аят осының дәлелі. Ал, Қаблиса жырау бұл аятты былайша жыр жолдарына айналдырады:
Қисапсыз құрт-құмырсқа, шыбын-шіркей,
Аллаға жалбарынар еске алып.
Мақұлық, жан-жануар, шаяны бар,
Болғанда бірі – семіз, біреуі – арық.

Бұл қазақ ғұламаларының теңізден тамшысындай ғана мысалы. Мүмкін, одан да азы болар.
Бүгінде кей жастардың Ибн пәленше, Әбу түгенше деп ауыз толтырып мақтанып, «шейх» санап жүрген жат ағым насихатшыларын тыңдауы қазақта беделді діни қайраткер жоқ деген шолақ ойдың жемісі. Айтпағым, сол қате пікірді сейілтіп, жастар санасына аз да болса ой салу ғана.

muslim.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста