Дінге қатысты қате түсініктер

Дінге қатысты қате түсініктер

Ислам дініндегі кейбір сұрақтарға қатысты көптеген бұрыс түсініктер бар болғаны жасырын емес, осы сауалдар аясында дін атынан қарулы соғыс, джихад терминдеріне байланысты бірқатар жаңсақ түсініктер бар. Жиhад ұғымы діннің басты міндеті және 5 парызы емес, осы мәселеге бірнеше қырынан қарастырамыз, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Kazislam.kz-ке сілтеме жасап.

«Жиhад» ұғымы Құранның 35 жерінде әр-түрлі сүресінде кездеседі, осы мәтіндерде 4 аятта соғыс жағдайында, адам өзін, отбасын, отанын қорғауға қажет болған жағдайда қорғану қажеттілігі ескертілген.

 

Діннің негізін салушы Пайғамбардың хадисінде «Мұсылман адам өзге адамдарға сөзімен, ісімен зиян тигізбеуі тиіс деген» пайымдары кездеседі.

 

Аталған терминнің жалпы түсінігінде жағымсыз қылықтар, әрекеттер, мінез-құлықтардан, арылу, ынта-жігер арқылы өмірдегі белестер мен жетістіктерге (рухани, білім, ғылым, мәдени, материалдық т.б.) жетудің маңыздылығын Жаратушы тарапынан өсиеттелген.

 

Осы түсінікті қате түсінген діни ағымдардың мүшелері Құрандағы мәтіндегі өткен тарихи жағдаяттарға айтылған үкімдер мен нұсқауларды осы заманға сәйкестендіріп, қоғам мен мемлекетке қарсы тұрғызатын факторға айналдырып отырғаны бар.

 

Қазақстандағы статистикаға сүйенсек, соңғы 7 жылда 14 астам терактілер орын алып, 90 астам азаматтар қаза тапқаны белгілі.

 

Айтылған деректер, радикалды ағымдардың теріс насихат әрекетінің салдарынан діни мәселелерді бұрмаланған түсініктермен қабылдап отырғандары анық.

 

Елімізде орын алған терактілердің басым бөлігі жастардың қатысуымен болған және де келесі факторларды ескерту қажет:

 

– жастардың діни білімдерінің аздығы, діни ағымдардың дін тарихындағы негативті көріністеріне барынша толық хабардар болмағандықтан;

 

– геосаяси үрдістер туралы, діни ағымдардың қаржыландыруы шетелдік мүдделі топтардың болғандығынан ақпараттандырылмау себептері;

 

– «ақпараттық шабуыл», ментальді сана сезімге әсер ету дағдылары туралы түсінік пен білімнің аздығы «критикалық ойлауға» мүмкіндік тудырмайтыны белгілі;

 

– жастардың дәстүрлі танымдар, ұлттық құндылықтар, данышпан-ғалымдардың еңбектері мен туындыларын оқып, таныспаған қатарлары қате түсініктерге бой алдыруда;

 

– деструктивті ағымдардың жастар психологиясындағы «қысқа, иллюстрациялық, панорамдық көрініс, ақпараттық, рухани тәуелділік, бос уақыт өткізудегі серіктері, ортақ идеядағы» қатарластары ретінде арбау тәсілдерін қолдануда;

 

– жастардың әлеуметтік, материалдық тұрғыдан аз қамтылу салдарынан түрлі мемлекеттік бағдарламалар, оқу, қайта даярлау курстары туралы тиісті деңгейде ақпараттары болмау себептерінен азаматтарымызды түрлі деструктивті топтардың арбаушылары қате түсініктерді насихаттау арқылы теріс бағытқа түсірген жағдаяттар орын алуда.

 

Қорытындап айтқанда, азаматтарымыз діни мәселелер мен туындаған сұрақтарға жауапты «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» (муфтият) өкілдері мен мешіт, медресе ұстаздары мен діни қызметшілеріне хабарласуы тиіс, өзге жеке тұлғалардан, интернеттегі аккаунт жүргізушілерге діни мәлімет алуға жүгінбеуді ескеру керек.

 

Қазіргі замандағы, сананы интернеттегі ойын, арзан әзіл мен тұрмыс билеген уақытта, халқымыздың дара тұлғалары мен мәдени, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, насихаттаудың маңыздылығы алдыңғы қатарда ұстаудың қажеттігі бар.

 

Ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының сөзінде: «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден ерек», деп осы үш тіреуді адам баласына қажеттілігін айтқаны мәлім.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста