Дінді білетіндер ғана айтсын!

Дін тақырыбы қоғамымыздың өзекті мәселелерінің біріне айналған бүгінгі күні кез келген жер мен отырыстарда топ адамның басы қосыла қалса, елді аузына қаратып «пәтуа» жасамақ болатындар көзге түсе бастады. Қасиетті дініміз туралы әртүрлі пікір таластырып, өзінше тон пішіп сөйлеп жатады. Негізінде біз дін туралы пәтуа айтып шешім шығару діни ғұламалар мен ғалымдардың ісі екенін біліп, тек анық біліп тұрсақ ғана үндеуіміз керек! Шығыс даналарының бірі айтқандайын: «Әмірші әмірші болу керек, әскер әскер болу керек, әке әке болуы керек, бала бала болу керек. Сонда ел дамиды». Жазушы, ғалым Мұхтар Мағауин ағамыз да: «Жазушы жазу керек. Саясаткер саясатпен айналыссын, қойшылар қойын бақсын», – деген. Кезінде атақты күрішші Ыбырай Жақаев «Дихан – кетпеніне, шопан – таяғына, жазушы қаламына ие болсын», – деген үш-ақ ауыз сөзімен дүйім елге баяндама да жасаған.
Жетпіс жыл атеистік мемлекет-тің қол астында болып, дінінен алыстап, құлдық сана-сезімнен (психологиядан) әлі шыға алмай жүрген көптеген қазақтар үшін дінді білу және дін қабылдау оңайға тимейді. Көп адамға бүгінде дін артық салмақ болып сезілуде. Өйткені көбі дінді қартайған соң, өлеріме таяғанда, зейнеткерлікке шыққан соң, 60 жастан асқан соң ұстаймын, сол кезде бір-ақ намаз оқимын деп жатады. Ол пенденің қартайып өлетіні немесе қазір өлеті-ні өзінің қолында емес, Алланың қалауында екендігін түсінсе ғой, шіркін. Ондай адамдар дін жолын ұстап, шариғи сеніммен жүрген адамдарды фанаттар деп түсінеді. Тіптен «діни фанатизм» деген терминді қолданып сөйлеушілер де көп. Бұл сөз латынша fanaticus фанатизм – құрбандық дегенді білдіреді. Белгілі бір дүниеге шектен тыс қызығу, болмаса белгілі бір адамға табыну себепті өзін-өзі жоғалтып алу деген анықтама болса керек. Олай болса, бүгінде дінін, ақыретін керек қылмай, дүниеге табынғандарды қай санаттағы «фанаттар» қатарына қосуға болады деген ой келеді.
Жалпы Исламға әртүрлі термин тағып қажеті жоқ. Мәселен, «Радикалды Ислам діні», т.б. сөздер жақсылық емес. Ислам – ол біреу, яғни Хақ Ислам ғана!
Дәл бүгінгі таңда діннің қоғамдағы рөлін немен салыстыруға болады?!
Қоғамның рухани-мәдени өмірі мен қоғамдық қатынас жүйелерінде дін мен діни танымнан тыс ешнәрсе болмайды. Өйткені, қоғамдағы барлық жүйелер осы діни таным негізінде қалыптасып, сол діни таным шеңберінде қызмет етеді. Бұл діннің қоғамдағы қызметі сан-салалы. Кеңес заманында алған білімімізде, тіптен бүгінгі күнге дейінгі біздегі қалыптасқан пікір бойынша дін мәдениеттің құрамдас бөлігіне жатады деген тұжырым бар. Алайда, бұл тұжырымның дұрыс еместігін уақыт сан мәрте дәлелдеп берді. Дін мәдениеттің құрамдас бөлігі бола алмайды. Дін мәдениетті туғызушы, мәдениетті уағыздаушы болып табылады. Өйткені, дін адам баласының ойынан шығарылған нәрсе емес. Дін адамзат қоғамынан тыс ортада пайда болып, сол жіберілген адамзат қоғамының игілігі үшін қызмет жасайтын ілімдер жүйесі. Адамзат қоғамында жалпы мәдениет пе, салт-дәстүр ме, әдет-ғұрып па, мемлекеттік жүйе ме – барлығы діни ілім мен діни таным негізінде қалыптасады. Сөйтіп дін мәдениеттің құрамдас бөлігі емес, керісінше, дін мәдениеттің құрамдас бөліктерін қалыптастыратын негізгі қозғаушы күш болады. Сондықтан мәдениет әркез дінге тәуелді.
Діннің қоғамдағы рөлінің артуы – ол қоғамның нұрлануына, гүлденуіне, мәдениетінің жаңа сатыға көтерілуіне әкелсе, діннің қоғамдағы рөлінің төмендеуі, керісінше, қоғамның азғындауына, тоқырауға ұшырап, ыдырауына әкелетін қауіпті фактор. Әрбір халықтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрінің, жалпы мәдениетінің қай бағытта дамитынын айқындайтын құбылыс – дін, діни таным.
Егерде кез келген халық өзінің дәстүрлі дінінен, діни таным негіздерінен ажырайтын болса, онда ол халық өзінің рухани мәдени болмысынан ажырайды да жаңадан қабылдаған басқа бір діннің немесе басқа бір сенімнің талабына қарай жаңа мәдениет пен дәстүр қалыптастыруға мәжбүр болады. Ондай кезең біздің қазақ халқының тарихында да болғанын ұмытқан жоқпыз. Біз жетпіс жыл бойы «коммунизм елесіне» еліктеп, Ленинге сыйынып, комму-нистік партияға табынып келген-біз. Соның салдарынан ұлттық болмысымыздан, ділімізден, тілі-мізден айырылып, басқа діл, басқа тіл, өгей мәдениетке көшіп кете жаздағанымыз кеше ғана. Оның зардабы халықты діни таны-мымен қоса, рухани, мәдени бол-мысынан толық ажыратып, қазақ халқын тамырымен қопарып, тарих сахнасынан кетіре жаздады. Сондықтан, қазақ халқының дәстүрлі діні мен діни таным негіздерін, осы негіздермен са-бақтас қалыптасқан дәстүрімен қоса сақтап, қабылдау – бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі.
Қазіргі таңдағы біздің мем-лекетіміздің дін саласында ұста-нып отырған саясаты ел тұрғын-дарының білім деңгейін (интел-лектуалдық потенциалы), діни сауаттылығын арттыру және ұлт-тық сана-сезімін дамыту сияқты басты бағыттарды қамтиды. Азат елдің әрбір азаматы, әсіресе, өзінің тілін, этномәдениетін, отбасылық және діни құндылықтарын көздің қарашығындай сақтауға талпынуға тиіс. Халық рухын сауықтыруға және экстремизмнің алдын-алуға ең керегі, міне, сол.
Біз сақтанып жүрген ағым-секталардың қаупі – рухани білімі-нің таяздығы, дін ісінде шатасуы, ата-бабамыздан жалғасып, ұлттық болмысымызға қалыптасқан салт-дәстүрлердi мансұқтауы. Ғалымдар деңгейiндегi дiни мәселелердi қарапайым мұсылмандар шешетiн мәселе секiлдi үлкен дауға да айналдырады. Сонымен қатар, намаз оқымаған жағдайда, мейлi, ата-ана болсын, ағайын туыс болсын, мұсылман емес деп, қарым-қатынасты үзуге дейін ба-ратындар шығып жатыр. Бәлкім, техникалық прогрестің салдары шығар, біз жалпы адамзаттық сана мен парасаттың толысуы кенжелеп, сыртқы діншілдіктің алға озған заманында өмір сүріп жүрміз бе деген де ой келеді…
Тарихқа жүгінсек, дәстүрлі дініміз ұлтымыздың руханиятына кірігіп таралуы барысында жергілікті дәстүрлер мен Ислам діні өзара бейімделу үрдістерін бастан кешірді. Ескі әдет-ғұрыптар мен дәстүрлердің ішінде Исламның негізгі қағидаларына қайшы келмейтіндері сақталып қалды. Шариғат нормалары қазақ хандарының жарғыларына енді, үкім шығаруда қазылар Ханафи мәзһабының үлгілеріне сүйенді.
Ұлтымыздың көптеген салт-дәстүрлері дінмен ұштасып келгені айтудай-ақ айтылуда. Халқымыздың күнделікті қолда-нысындағы діни терминдерден талай-талай мысалдар келтіруге болады. Мәселен, мұсылманның құлшылық қылатын орны – «мешіт» атауы араб тіліндегі «масжид», яғни «жалғыз Аллаға сәжде ететін орын» деген сөзінен алынған. Сол сияқты, бізде дүниеден өткен адамның есімін атағанда «марқұм» деген сөзді қосып айту әдебі қалыптасқан. Көп адамдар бұл сөзді «өлген адам», «дүниеден өткен адам», «бақилық болған адам» деген мағыналарда түсінеді. Ал «марқұм» сөзі арабтың «мархум», яғни «Алланың рахметіне бөленсін!» деген дұға сөздері болып табылады. Ендеше қандай да бір дүниеден өткен мұсылман адамның есімін атағаннан кейін «марқұм» деп айтудың өзі дұға еткендік болып есептелінеді.
Мінеки, бұндай сөздерді тізе берсек, көптеп келтіруге болады.
Қазақта «Дүмше молда дін бұзар» деген сөз бар. Ендеше дүмше деген кім? Дүмше сөзі парсының «Дүм» – қол жуатын құманның түбі деген мағынаны береді екен. Ал «дүмше» сол құманның түбін ұстаушы деген сөз. Яғни, құманның түбінен ұстап, су құюшы деген мағынада. Ұлттық дәстүрімізде де, мұсылманшылық дәуірлеп тұрған замандарда үлкен ақсақалдардың ұлық мәртебелі адамдардың, үлкен ғұламалардың қолына кез келген адам су құймайтын болған. Ғалымдар бас қосып, пәтуа жасап отырған жерлерде олардың қолына медресе тәмамдаған, діни білімі бар жастар немесе тәжірибелі, епті, пысық, алғыр жігіттер, жігіт ағалары су құятын болған. Әлбетте, ондай адамның өзі сол кезде ғұламалардың айтып отырған әңгімесін шала-пұла естіп қалып, сыртқа шыққан соң өзгелерге айтады. Бірақ толықтай емес. Сондықтан шатасып, қателесіп жатады. Міне, «Дүмше молда дін бұзар» деген әңгіме содан қалған дейді білетіндер. Ал дін бұзылса ел бұзылатыны әмбеге аян.
Ал, бүгінгі көзқараспен атасақ, «дүмше» сөзі – заман талабын, уақыт ағымын ескермейтін, көздегені мен көксегені өзінің аясы тар рефлексті сезімдеріне тәуелді адам және сондай адамдарды қалыптастыруға тырысатын қоғамдық күштердің пасық ісі. Ақырында екеуінің де ұтары аз. Есесіне олардың зардабы әлеуметтің әлеуетін кемітіп, мешелдікке ұрындырады.
Қорыта айтқанда, дін туралы дінді білетін, діни білім алған білімді адамдар ғана сөйлегені жөн. Дін туралы оймен өлшеп, өзінше шешім шығарып, ойдан пәтуа жасап, білгішсініп сөйлеудің қажеті жоқ. Алла Тағаланың сөзі болған қасиетті ілім туралы айту Оның тереңіне бойлап, толық меңгергендердің ғана үлесі болмақ.
Қазақстанның болашағы ұлттық мақсат-мүддемізге сай келмейтін діни идеялармен уланбаған, жан-жақты терең білімді жастардың қолында. Болашақ жастардікі, олай болса, жастарымызды болашағына деген сенімінен айырмайық. Алла тағала Елімізге тыныштық, дін Исламға қуат берсін!

islam-orkeniet.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста