ДІН АДАМДАРЫНЫҢ АРАСЫНДА ҚЫЗҒАНШАҚТЫҚ БАР МА?

ДІН АДАМДАРЫНЫҢ АРАСЫНДА ҚЫЗҒАНШАҚТЫҚ БАР МА?

Сұрақ:
Сұрақ: Дін адамдарының арасында қызғаншақтық немесе жеккөрушілік бар ма?
 
Жауап:
Жауап: Шынтуайтында, Алла Тағала Құран Кәрімде: «Дінде бөлінбеңдер» (Шура, 13), «Өзара таласып, тартыспаңдар» (Әнфал, 46), «Шын мәнінде мүміндер бір-біріне бауыр» (Хужурат, 10) «Түп-түгел Алланың жібіне (дініне) жабысыңдар да бөлінбеңдер» (Әли-Имран, 103), «Күдіксіз діндерінде бөлініп, топтарға айрылғандармен ешбір байланысың жоқ», (Әнғам, 159), – деп бұйырып, мұсылман үмбетін ауызбіршілік пен ынтымақта өмір сүруге шақырған. Алайда, мұсылман қауымы ту бастан-ақ (сахабалар дәуірінде) өз араларында орын алған әртүрлі мәселелерге байланысты, шөре-шөре бөлінушілікке ұрынды.

Расында, көре алмаушылық пиғыл момын-мұсылманға тән қасиет емес. Себебі, әу баста Ібілістің (л.а.) жұмақтан қуылуына, Оның (л.а.) Адам атаны (ғ.с) көре алмауы түрткі болған-ды. Сондай-ақ, жер бетіндегі ең алғашқы бүліктің орын алуына да осы көре алмаушылық, күндестік, қызғаншақтық қасиет себеп болған еді.

Иә, Адам атаның (ғ.с.) қос ұлы Қабыл мен Абылдың арасына сына қаққан қызғаныш һәм көре алмаушылық сезімі болатын. Қабыл қызғаныш сезімін тұсаулай алмай бір құрсақты кеңейтіп туған өз бауыры Әбілды өлімге қиған еді. Нағында, Алла Тағала Құран кәрімде: «Әрі көреалмайтынныңіштарлығы кезіндегі жамандығынан сақта»(Фәлақ, 5), – деп бұйырады.  Алла Елшісі (с.ғ.с.) де хадис-шарифтерінде: «Бір-бірлеріңді жақсы көрмейінше толық иман келтірмейсіңдер» (Муслим, Иман: 93-94), «Көреалмаушылықтан сақ болыңдар. Өйткені, көреалмаушылық адамныңізгі-сауап амалдарын от (ағаш) отынды жандырып жібергендей жоқ етеді» (Әбу Дәуіт) деп ескертіп, өз үмбетін пәлекет тудыратын қара ниет қасиеттен ада болуға үндеген.

Дін адамдары арасында ақида, фиқһ, саяси көзқарастары бойынша келіспеушіліктер (ихтилаф) орын алуы мүмкін. Оған тарихта орын алған көптеген оқиғаларды мысал етіп көрсетуге болады. Десе де, дін адамдары бір-бірінің ұстанымдарына келіспей, олардың араларында пікірталас өрбісе, онда шариғат нұсқаған әдеп сақталынуы керек. Егер, пікірталастырушы тараптар эмоцияның жетегінде кетіп, бір-бірін қатты сөгетін болса, оның арты жеккөрушілікке, тіпті жауласуға әкеп соғуы ықтимал. Жаббар Хақ Құран Кәрімде бірнеше жерде: «Әй мүміндер! Бұзық біреу хабар келтірсе, оны анықтаңдар. Әйтпесе білмей бір елге кесірлерің тиіп, істегендеріңе өкінесіңдер» (Хужурат, 6), «Әй мүміндер! Алла үшін куәлікте туралықүстінде мықты тұрыңдар. Және бір елдіңөшпенділігі сендердіәділсіздікке тартпасын. Әділдік істеңдер. Сол тақуалыққа жақынырақ. Және Алладан қорқыңдар. Күдіксіз Алла не істегендеріңнен толық хабар алушы» (Мәйда, 8), «Олар кеңшілікте, таршылықта Алла жолында мал сарып қылғандар. Сондай-ақ олар ашуларын жеңушілер, адамдарды кешірім етушілер. Алла (Т.) жақсылықістеушілерді сүйеді» (Әли-Имран, 134), «Адамдарға көркем сөз сөйлеңдер» (Бақара, 83) – деп бұйырып, мұсылман қауымын ымырасыз болудан, ит-қырқылжын талас-тартыстан барынша сақтандырған. Ғұламалар бір-бірінің көзқарастарын әділеттілік, обьективтілік, ынсап критерийлерімен сынап-мінеген.

Осы өлшемдердің шеңберінен шығып кетпесе, шариғатымызда пікірталастыруға рұқсат етіледі  (Тахир ибн Салих ибн Ахмед әл-Жезайири әд-Димашки, «Тәужиһу’н-назар ила усули’л-әсар, Мекке: Дәрул-Баз, 177-178 бб).

Мысалы, Хатәми Әсамнан «Пікірталастырушыға қалай қарайсыз?» деп сұрағанда, ол: «Әділ сөйлесе, бек қуанамын. Қате айтса, ұнжырғам түседі. Бірақ, қатесі үшін оны ренжітетін сөз айтуға тілімді қоримын» деп жауап берген (Әбу Фараж Зәйнуддин ибн Рәжаб әл-Ханбали, «Китабул фарқ бәйнән насиха, 4 б). Яғни, пікірталас тараптарды ренжітетіндей бас жаққа шаппауы тиіс. Әгәрәки, дін ғұламаларының ниеті мұқым ғаламға Алланың құдіретін таныту болса, онда олардың араларында қызғаныш болмайды. Бірақ, олар дін арқылы Ұлы Жаратушыны емес, өздерін танытуды мақсат етсе, онда олардың араларында бітпейтін талас, өнбейтін дау орын алуы бек мүмкін.

Мұхиддин ибн Араби бір адамды ұнатпай, онымен ұдайы пікірталастырады екен. Бірде түсіне Алла Елшісі (с.ғ.с.) кіріп:

 – Сен ол адамды неге ұнатпайсың? – деп сұрағанда, Мұхиддин ибн Араби:

 – Себебі, ол менің ұстазымды ұнатпайды, – депті.

Сонда, Алла Елшісі (с.ғ.с.):

– Жарайды, ол сенің ұстазыңды ұнатпайды екен. Бірақ, ол мені де ұнатпай ма? – деп сұрапты.

Мұхиддин ибн Араби:

– Уа, Алланың Елшісі! Жоқ, ол сізді қатты жақсы көреді, – депті.

 Алла Елшісі (с.ғ.с.):

 – Олай болса, мені жақсы көретін үмбетімді сен қалайша ұнатпайсың? – деген екен.

 Түйін: Иә, Алланың құлы, Мұхаммедтің (с.ғ.с.) үмбеті болған бауырларымызды бір-бірін қызғанудан, көре алмаудан, күндеуден, жек көруден, сөге жамандаудан Жаратқан Иеміз қорысын! Алла Тағала Алаш баласын ауызбіршіліктен айырмасын! Әрдайым, ынтымақ пен берекеде өмір сүруді жазсын!

 

Мұхан ИСАХАН

kazislam.kz 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста