Мен жиі демігіп, тұншығып қаламын (астма ауруы). Сондықтан дәрі пайдалануға мәжбүрмін. Жалпы демікпесі бар адам ораза ұстаса бола ма?
Қасымхан, «Алаш айнасының» сайтына түскен сұрақтан.
Бұл сұраққа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметкері Абдусамат Қасым жауап береді:
Демікпесі бар адам жиі демігіп, тұншығатындықтан, инголятор не дәрі пайдалануға мәжбүр. Сондықтан да, «мұндай жағдайдағы адам оразаны қайтеді?», яғни «инголятор арқылы ауызға сепкен дәрі оразаны бұза ма?» деген сұрақ туады. Бұған қатысты ғалымдарымыз екі түрлі пікір айтады.
Біріншілері былай дейді: «Ауыз, мұрын, құлақ арқылы, яғни табиғи жолмен ішке барған нәрселер оразаны бұзады. Инголятор секілді аппараттармен ауызға шашқан дәрі ішке кететіндіктен ораза бұзылады. Мұндай аппаратсыз жүре алмайтын науқастарға ораза ұстамауына болады. Егер дәрігерлер науқастың бұл аурудан айығуы неғайбыл екеніне көз жеткізсе, онда ол оразаның әр күніне підия беріп отырады. Яғни, жоқ-жітікті, міскіндерді тамақтандырады». Ал екіншілердің пікірі бойынша: «Демікпе инголяторының бір рет шашқандағы мөлшері (шамамен 1/20 мл.) аз болғандықтан, дәрінің көбі ауыз бен тыныс алу жолдарында сіңіп кетеді. Ал, қалғаны тым аз болғандықтан, асқазанға баруы екіталай. Ондай мөлшер дәрет алған адамның аузында да қалдық судан қалады. Тіпті, одан аз болмаса. Ал ондай судың тамаққа кетуі оразаны бұзбайды. Ендеше демікпе (астма) ауруымен ауырған адамдардың еркін тынысталулары үшін ауызға шашатын «оттегі» дәрісі оразаны бұзбайды». Қорытындылай келе айтарымыз, астмамен ауыратын кісі жоғарыда айтып өткен екі пікірдің қай-қайсын негізге алса да, шариғатқа теріс келмейді. Бірінші пікірге сүйенген кісі ораза ұстамай, отыз күн оразасы үшін підия беріп отырса да болады. Ал ораза ұстағысы келетін адам екінші пікірді негізге алуына болады. Тынысы тарылған жағдайда инголятор аппаратын қолдануына рұқсат, тек шамадан тым асыра қолданбағаны абзал. Ал ем үшін инголятордан басқа таблетка не сироп түріндегі дәрі қолдану, тікелей ішке баратындықтан оразаны бұзады.
Демікпесі бар адам ораза ұстаса бола ма?
Читайте также
Діни кітаптарды кез келген орында сатуға рұқсат жоқ
Емшіге алданып қалмаңыз
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ хазреттің қасиетті Рамазан айына байланысты халыққа үндеуі
Оразада сәресіне ұйықтап қалған адам не істейді?
Тамырдан екпе салдыру оразаны бұза ма?
Аузы берік адам өзен-көлге түссе бола ма?
Последние статьи автора