Дем салу дегенге сенесіз бе?

Дем салу дегенге сенесіз бе?

Мен мынадай сұрақ қойғым келеді, Құран аяттарымен емделуге болады деп естідім. Білгім келетіні, аят-сүрелерді шипа үшін оқудың жолы қандай? Жалпы дем салу дегенге сенуге бола ма?

Жауабы: Дем салу (руқия) – дұға болып табылады. Ақиқатында, қорғаушы да, шипа беруші де – тек бір Алла. Ал, дұғаның мазмұны және сөздері шариғатқа теріс болмауы керек. Басқаша айтқанда, дем салу – Құран аяттарымен, Алла Тағаланың көркем есім-сипаттарымен және Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) жеткен дұғалармен болуы керек.

Бала-шағаны, дүние-мүлікті және өзіңізді таңертеңгілік және кешке оқылатын дұғаларды оқумен, арагідік садақа берумен, діни міндеттерді орындаумен және туыстық қарым-қатынасты жақсартумен қорғаған жөн.
Дем салу қажет болған жағдайда адамның өз-өзіне дем салғаны дұрысырақ. Ол үшін арнайы маманға бару міндет емес. Сондықтан, сәуегейлерден сақ болған жөн. Дем салуда оқылатын сүрелер мен аяттар:
1. Фатиха, Фалақ, Нас және Ықылас сүрелері мен Аятул Курси;
2. Абдулла бин Аббас (р.а.): «Пайғамбар (с.ғ.с.) немерелері Хасан және Хусайнге дем салып, сендердің аталарың (Ибраһим (ғ.с.) Исмаил мен Исхаққа (ғ.с.) деп салып былай деуші еді: «Әъузу бикәлимәтил Ләһи әт-тәммә мин кулли шәйтон уә һәммә уә мин кулли ъайн ләммә[1]» (мағынасы: Алланың барлық сөздеріне сыйынып, әрбір шайтан мен зиянкестен және жаман көзден пана сұраймын);
3. Айша (р.а.) анамыздың риуаяты: «Пайғамбар (с.ғ.с.) отбасындағы адамдарға дем салып, оң қолымен сипап, мына дұғаны айтушы еді: «Аллоһуммә Роббин нәс әзһиб әл-баас, ишфиһи уә әнтә әш-Шафи, лә шифә иллә шифәук, шифәу лә юғодиру сәқомә[2]» (Мағынасы: Уа, Алла! Адамдардың Раббысы! Қиындықты кетір, шипа бер, өйткені сен Шафи – шипа Берушісің. Сенің берген шипаңнан басқа шипа жоқ. Ешбір сырқатты қалдырмайтын шипа бер);
4. Айша (р.а.) анамыз жеткізеді: «Алла елшісі (с.ғ.с.) адамның бір жері ауырса немесе жара болса сұқ саусағын топыраққа қойып: «Бисмил Ләһ, турбәт ардинә, бириқати бағдинә, лияшфиа биһи сақимәнә би изни Роббинә[3]», – деуші еді. (Мағынасы: Алланың атымен бастаймын! Алланың қалауымен жеріміздің топырағы және біріміздің демімізбен арамыздағы сырқатқа ем болсын!);
5. Әбу Сағид (р.а.): «Жәбірейіл (ғ.с.) Пайғамбарға (с.ғ.с.) келіп: «Уа, Мұхаммед! Мазаң болмай жатыр ма?» – деп сұрады. Пайғамбар «Иә», – деді. Жәбірейіл (ғ.с.): «Бисмил Ләһи урқикә, мин кулли шәйин юузикә, мин шарри кулли нәфсин әу ъайнин әу хасидин Аллаһу яшфикә, бисмил Ләһи урқикә[4]», – деп дем салған. (Мағынасы: «Алланың атымен саған дем саламын. Әрбір зиян тигізушіден, әрбір жан, жаман көз және көре алмаушыдан Алла саған шипа берсін. Алла атымен саған дем саламын);
6. Осман бин Әбу Ас Сақафи (р.а.) өзінің мұсылман болғалы бері бойындағы бір ауыртпалық бар екенін айтып шағымданады. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Қолыңды ауырған жеріңе қой. Сосын үш рет «бисмил Ләһ»(мағынасы: Алланың атымен) деп және жеті рет «Әъузу бил Ләһи уә қудратиһи мин шәрри мә ажид уә ухазир[5]» (мағынасы: Алланың және Оның құдіретімен сұрап бойымдағы зиянкес және мазасыздықтан сақта деп пана сұраймын) деп айт», – деген екен.
Жоғарыда көрсетілген дұғалар кең тараған дұғалар қатарына жатады. Бұлардың барлығын немесе кейбіреуін шипа үшін өзіңізге және отбасыңызға оқуыңызға болады.

muslim.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста