Дәстүрлі емес ислами ағымдардың отбасылық қатынастарға кері әсері

Дәстүрлі емес ислами ағымдардың отбасылық қатынастарға кері әсері

Мемлекеттің тұрақтылығы – отбасының тұрақтылығында. Қоғамды жанұясыз елестету мүмкін емес. Отбасы саясаты, ұлттық құндылықтарды сақтау және нығайту – Қазақстан Республикасының ұстанатын басты қағидаттарының бірі. Қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы отбасылық құндылықтарды дәріптейді.

Тұрақты отбасының қалыптасуында діннің алар орны ерекше. Ислам діні қоғамдағы отбасылық қатынастарға аса үлкен мән береді. Исламда отбасы тақырыбы өз алдына «Әл-усрату фи әл-исләм» (Исламдағы отбасы) деген арнайы сала ретінде қарастырылады.

Отбасылық қатынастардың бұзылуы әлеуметтік проблемалардың туындауына әкеп соғады. Дәстүрлі емес діни ағымдардың арасында орын алып отырған жекелеген жанұялық мәселелер қоғамның ежелден қалыптасқан әдет-ғұрпы мен дәстүрлі діни қағидаттарына қарама-қайшы келіп, ел арасында іріткі тудыруда. Жанұя ішіндегі ұрыс-керіс, бір-бірін құрметтемеу, ажырасу, баланы тастап кету секілді әрекеттер отбасының берекесін қашыруда. Теріс пиғылды діни ағымдардың жетегіне еріп ықпалына түскендер үшін дінге негіздеген болып, ата-анаға қарсы шығу, жанұясын тастап кету оңай болып барады. Мұндай келеңсіз құбылыстар өрши берсе, мемлекеттің тұрақтылығына нұқсан келтіретініне дау жоқ.

 

Қазақстанда ресми түрде тыйым салынған дәстүрлі емес діни ағымдардың бірі «Ат-тәкфір уәл-хиджра» ұйымының идеологиясы намаз оқымайтындарды, тіпті ол мұсылман болса да кәпірге шығарады. Олар үшін намаз оқымайтындармен араласуға болмайды, тіпті жанұя мүшелері намаз оқымаса, онда олармен бір шаңырақтың астында өмір сүруден бас тартады. Осындай теріс көзқарастардың салдарынан қаншама жастар ата-анасымен, не басқа туыстарымен намаз оқымағандары үшін туыстық қатынастарын үзді. Дәстүрлі ислам мұндай іс-әрекетті мүлде құптамайды. Ислам діні қазақ жеріне келгеннен бастап, жергілікті дәстүр мен салт-жораларды сіңіре отырып, ел арасында дамып өркен жайды. Ал ислам атын жамылған дәстүрлі емес діни ағымдар қоғамдағы ежелден қалыптасқан мәдениетке, руханиятқа, ұлттық мүддеге қарсы пікір ұстанып, өз идеологияларын ел ішінде таратуды, қатарларының санын көбейтуді көздейді. Мұндай ағымдардың әрекеттерінің салдарынан мемлекеттің басты құндылығы – жанұя бірлігіне нұқсан келеді.

Аталмыш ағымдар діни ұғымдардың мағынасын бұрмалап түсіндіріп, әкесін баласынан, қызын шешесінен ажыратуға себеп болып отыр. Бұл бейбітшіл халықты түрлі алауыздыққа, жік-жікке бөлінуге әкеп соғатыны белгілі. Бір шаңырақтың астында өмір сүріп, туған баласы өз анасының қолынан тамақ ішуден бас тартуы – қазақ үшін жат қылық. «Ана алдында – құрмет, ата алдында – қызмет» деген атадан қалған сөз бар. Мұны Құрандағы «Раббың, Өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық қылуларыңды әмір қылды. Ал егер ол екеуінің бірі немесе екеуі де жандарыңда кәрілікке жетсе: «Түһ» деме (Кейіс білдірме.) Сондай-ақ, ол екеуіне сыпайы сөз сөйле. Ол екеуіне кішірейіп мәрхамет құшағын жай да: «Раббым! Ол екеуі мені кішкентайымда тәрбиелегендей, Сен де оларды мәрхаметіңе бөлей көр!», – де», - деген аяттан аңғаруға болады. Тәкфіршілер ұйымының ықпалына түскендер арасында үй-жайын тастап, жат елде болып жатқан соғысты жиһадқа балап, адасып, сол елге кеткендер де бар. Соның салдарынан шаңырағы ортасына түскен отбасылар да өкінішке орай, кездесіп жатыр.

Соңғы уақытта қоғамда талақ (ажырасу) мәселесі де көбірек белең алуда. Әсілі, қазақ халқы – ешқашан жесірін қаңғытпай, жетімін жылатпаған халық. Ежелден қазақ даласында ажырасу өте айыпты іс болып есептелген. Отбасылық психолог мамандардың кеңесі бойынша ажырасу – отбасы ішінде орын алатын проблемаларды шешудің ең ақырғы жолы болуы тиіс. Дәстүрлі исламның да талақ мәселесінде абай болуды қатаң ескертетінін Мұхаммед пайғамбардың: «Әйелдеріңізде (хақысында) Алладан қорқыңыздар! Өйткені сіздер Алла алдында оларды аманат етіп алдыңыздар», «Неке қидырып үйленіңдер, бірақ, «талақ» дей бермеңдер. Өйткені талақ себебінен Алла тағаланың Аршысы сілкінеді (Алла ашуланады)», - деген хадистерінен байқауға болады. Теріс пиғылды діни ағымдардың жетегіне еріп, дінді шала түсінгендер, иман мен нәпсінің арасын ажырата алмағандар бүгінде себепсізден-себепсіз «талақ» сөзін пайдаланып, талай қыздың тағдырына қара дақ салып, оңайлықпен ажырасып кете салуда.

Бүгінгі ата-анаға, туған-туыстарына қарсылық танытып, оларды кәпірге шығарып, құрмет көрсете алмаған ұрпақ ертең қоғам арасында да өзгеге залалын тигізері ақиқат. Дәстүрлі исламда «Кім Аллаға және қиямет күніне иман келтірсе, туысқанымен қарым-қатынасын үзбей, жалғастырсын», - деген қағида бар. Жат ағымда жүргендердің шетін көзқарасы салдарынан талақтың құрбаны болған әйелдер мен балалардың, некесін бұзып, ажырасуды оңай санаған ерлі-зайыптылардың санының көбеюі мемлекет пен қоғамның ішкі әлеуметтік дерттерін күшейтеді.

жанұя

 

Айтылған мәселелердің оңтайлы шешім жолдарын табу үшін дәстүрлі рухани құндылықтарды, төл мәдениетті, салт-дәстүрді, дүниетанымды қайта жаңғыртуға бет бұру қажет. Рухани жаңғыру жолындағы күрес қоғамның әрбір азаматының, дін қызметкерлерінің, мемлекеттік қызметкердің, зиялы қауымның, үкіметтік емес ұйымдардың бірлесе күш салуымен ғана жүзеге аспақ. Елбасы Н.Назарбаев өз сөзінде: «Біз мұсылманбыз, оның ішінде Әбу Ханифа мәзһабын ұстанатын сунниттерміз. Бабаларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салт-дәстүрді, ата-ананы сыйлауға негізделген. Ендеше, бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ең ізгі дін – ислам дінін қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтағаны абзал», – деп атап көрсетті. Ұлттық құндылықтарға қайшы келетін, қоғамдағы отбасы тұрақтылығына, мемлекет тұтастығына кері әсер ететін теріс пиғылды ағымдар ықпалының алдын алу әрбір азаматтың абыройлы борышына айналғаны абзал.

Берікбол Жанақ

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста