Әссәләмуғалейкум!
Дарет алып жатып, мысалы, бетті жуып жатып қан,сары су аққанын көрсе, немесе жел шығып кетсе, қайтадан бастан дарет алу керек пе? Әлде, жалғастыра беремін ба? АллаҺ разы болсын, ұстаз!
Бағдаулет
Уағалейкумәссәләм уа рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Дәрет бұзатын жағдайлардың бірі туындағаны себепті жуған жерлеріңіз дәретсіз күйге ауысып отыр. Сондықтан да, дәретіңізді басынан бастап аласыз (іш дәрет алу шарт емес).