Кім дәретін кемшіліксіз алып, кейін: «Мен: «Аллаһ тағаладан басқа Тәңір жоқ, Ол жалғыз, Оның серігі жоқ және Мұхаммед (с.ғ.с.) Оның құлы, әрі Елшісі-деп куәлік беремін,- десе ол үшін сегіз жәннаттың есігі ашылып, қалағанынан кіреді».
( Омар ибн Хаттабтан (р.а.) имам Мүсілім риуаят еткен).
Әрбір мұсылман намаздың алдында дәретті болуы шарт. Бұл шариғат талабы. Дегенмен, дәрет тек жеке бастың тазалығын ғана сақтау емес. Мұның біз біле бермейтін басқа да пайдалы жағы бар. Енді, соны көпшілікпен бөлісейік.
Дәрет алмастан бұрын адам іштей ниет етіп, психологиялық түрде дайындалады. Мұның өзі жүйкені тыныштандырады. Әлемдегі ең жетілген, алдыңғы орында тұратын Қытай медицинасының анықтауы бойынша адам ағзасында 700-ден астам биологиялық белсенді нүкте бар. Соның 66-сы ең қатты әсер ететін нүктелер. Ал, мұның 61-і дәрет алатын дене мүшелерінде орналасқан. Ал, 5-уі тобық пен тізенің арасында. Осы екі аралықты жуу- сүннет. Демек, аяқты тізеге дейін жуатын болсақ, 66 биологиялық нүктенің барлығы гидромассаж алады деген сөз!
Дәрет алған кезде дене мүшелерін рет-ретімен жуудың өзі де денсаулыққа пайдалы. Қолды білекке дейін жуу - жүректі тыныштандырып ( жүрек тыныш болса, намазды ойдағыдай орындауға болады) қан айналымын реттейді. Зәр шығару мүшелерінің қызметін дұрыстап, өкпенің жұмысын жақсартады.
Ал, бетті жуу – асқазанды, ішекті , несеп жолдарының (қуық) қызметін қуаттандырып, жүйкені тыныштандырады.
Құлақтың айналысында 100-ден астам биологиялық белсенді нүктелер орналасқан. Құлақ ішін тазалау, сыртын сипау әлгі нүктелердің белсенділігін сөзсіз арттырады. Жалпы, ғылымда құлақ маңы «дененің басқарушысы» делінеді. Ол жуылғанда ағзаның бүкіл ішкі мүшелері қалыпқа келіп, қан қысымы төмендеп, тіс ауруы басылады, не қояды.
Оң аяқта ішек, жүйке асқазан, өт пен ұйқы бездерінің және т.б. мүшелердің биологиялық белсенді нүктелері орналасқан. Оң аяқ жуылғанда олардың қызметі қалпына келеді.
Сол аяқты жуу – әсерінен ми қызметі, бойды өсіру мен ішкі секреция бездерінің жұмысы реттеледі.
Мұны ойладыңыз ба?
Егер сіз біреуге дәрет алуды үйретсеңіз ( бұл үшін әрі кетсе 2-3 күн жеткілікті ) қытай медицинасының бір құпиясын санасына сіңірдім дей беріңіз. Егер мұны дәстүрлі жолмен үйренетін болса, адам 15-20 жыл уақытын сарып етеді екен.
Сондай-ақ, ол кісі сіздің себепкер болуыңыздан намаз оқып кетсе, оның сауабы шексіз. Оны Жаратушы Иеміздің құзырына қалдырайық.
Автор: Кеулімжай Құттиев
Дәрет алу денсаулыққа пайдалы
Читайте также
Діни кітаптарды кез келген орында сатуға рұқсат жоқ
Емшіге алданып қалмаңыз
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ хазреттің қасиетті Рамазан айына байланысты халыққа үндеуі
Оразада сәресіне ұйықтап қалған адам не істейді?
Тамырдан екпе салдыру оразаны бұза ма?
Аузы берік адам өзен-көлге түссе бола ма?
Последние статьи автора